• Руханият
  • 16 Шілде, 2020

Қажы-ағаңнан қалған мұраға ие болуымыз керек

Қажығали Мұхамедқалиұлы өзінің өрнегі бар, мінезі де, болмысы да ешкімге ұқсамайтын бір көркем адам. Мен осы қазаға сенгім келмей отыр. Бізге тек қана әріптес аға емес, өзіміздің бауырымыздай болып кеткен. Адам баласы мәңгілік емес қой. Қажығали ағамыз артында тамаша әңгімелер қалдырды. Ол өзіне жарнама жасамайтын, өзіне назар аудартуға тырыспайтын адам еді. Жақсы роман жазды. Мен сол романның жалғасы болады деп ойлайтын едім. Өкінішке қарай, ағамыз арамыздан кетіп қалды. Бір сөзбен айтқанда қазақ әде­биетінде өзінің тұтас бір ұр­паққа жалғасып келеді. Өзіміз де ағаларымыздың өкшесін басып келеміз. Әр ұрпақ ауысқан ­сайын ерекше алаңдаймыз. Өйткені жазу­шылық деген көрінген адамның қолынан келмейді. Мейірімді адамдар, қайраткер адамдар көп болуы мүмкін. Бірақ әдебиетте ешкім қайталанбайды. Біз қателесіп, біреуді біреумен салыстырып жүрміз. Әдебиетке келген, өзінің атын дәлелдеген, жұрт мойындаған адам ол жеке бір әлем, жеке бір көз дүниеге қарайтын. Біз ең мақтаулыларды ғана мақтап жатамыз, әйтпесе әдебиеттегі адамның әрқайсының өз орны бар. Ол еш уақытта қайталанбайды. Өкінішке қарай, енді біз Қажы-ағаңнан қалған мұраға қайтып оралып, ие болып, ұмытпауымыз керек. Жаны жәннатта болсын!

Мейірхан АҚДӘУЛЕТ

807 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы