• Қоғам
  • 16 Шілде, 2020

Сақтық шаралары керек

«Мемлекеттің басты байлығы – адам» десек, дені сау адам ғана ел қазынасы, ұлт болашағы бола алатыны белгілі. Әйтсе де, бүгінде әлем жұртшылығын дүр сілкіндірген коронавирус індеті біздің де елімізді айналып өтпеді. Өкінішті.

«Сақтықта қорлық жоқ» дегендей, дауасы табылмаған дерттің біздің елімізде таралып кетпеудің алдын алуға Президент Қ.Тоқаевтың Үндеуі шығып, елде төтенше жағдай жарияланғаны мәлім. Аталған қауіпті аурудың алдын алу мақсатында еліміздің әр өңірінде жүйелі жұмыс жүргізілуде. Облыс, қала, аудан көлемінде сауда нысандары мен базарларда санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Барлық көпшілік, мерекелік мәдени шаралар өткізілуі тоқтатылып, халық көп жиналатын орындар тізімі анықталып, дезинфекциялық режимге енді. Аты жаман індетті болдырмау үшін уақытпен санаспай, жұмыс жасап жатқан іс басындағы азаматтарға ел разы болып қолдау да көрсетуде. Бәріміздің азаматтық жауапкершілігіміз осындай сәтте сыналады. «Көптің сөзі киелі» дегендей, бүгінгі таңда үйінде отырған әрбір адам қоғамның жанашырына айналды. Қоғам саулығы үшін қолдан келгенше жеке сақтық шараларына баса назар аударған абзал. Өйткені, елдің ертеңі сіздің қолыңызда. Жалқы адамның жауапкершілігі – жалпы жұрттың саулығының негізі екенін естен шығармайық. Қазіргі таңдағы біздің татулығымыз, береке-бірлігіміз барлық жеңісіміздің кепілі. Біз бірлесе індетті де жеңуге тиіспіз. Ең басты жауапкершілікті әрбір адам өзінен бастауы тиіс. Олай болса, қазақтың амандығы сіздің қолда. Осыны ұмытпайық. Жақынымызға, ел-жұртымызға жанашыр болайық, ағайын.

Ақбота САҒЫНДЫҚОВА, №37 І. Жансүгіров атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылы

844 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы