• Қоғам
  • 16 Шілде, 2020

Дәрігерлер – Еңбек Ері

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені коронавирустан қайтыс болғандар үшін ұлттық аза тұту күні деп жариялағаны белгілі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жарлығы негізінде қайтыс болғаннан кейін дәрігер Олег Исаев пен Қалихан Қозбағаров марапатталды. Марқұмдарға жоғары дәреже – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы мен ерекше белгі – «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордені берілді.

Олег Исаев – Ақмола облысы ден­саулық сақтау басқармасының жанын­дағы Көкшетау қалалық көп салалы ауру­ханасының бөлім меңгерушісі. Ал Қалихан Қозбағаров – Ақтөбе облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқарған. Қазақстан президенті қызметтік борышын үлгілі атқарып, азаматтардың денсаулығын сақтаудағы табанды еңбегі үшін медицина саласының марқұм болған тағы бірқатар қызметкерлерін «Барыс», «Парасат» және «Құрмет» орденімен наградтады. Олардың қатарында өңірлердегі мамандандырылған ауруханалар мен медициналық орталықтардың дәрігерлері, бөлім меңгерушілері, инфекционистері, сонымен қатар медициналық жедел жәрдем станциясының дәрігерлері, фельдшерлер, санитарлар, қатардағы қызметкерлер мен көлік жүргізушілері де бар. Коронавирус пандемиясының құр­бандарын ұлттық аза тұту күні Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы індеттің салдарынан жақындарынан, туған-туыс, бауырларынан, әріптестерінен айырылған еліміздің барша тұрғындарына көңіл айтты. «Осы күндері менің әріптестерім – дәрігерлер мен медицина қызметкерлері өмірден озды, мәңгілікке көз жұмды, олар күтпеген қауіп-қатермен бетпе-бет келді, соңғы демдері қалғанша күресті. Бұл қайғылы жағдай біз үшін орны толмас қаза. Олар өмірінің соңына дейін дәрігерлік борышын жанқиярлықпен атқарды. Біздің есімізде олар мәңгі нағыз батыр болып қалады» деді А.Цой. Үкімет медициналық ұйымдарға және дәріханаларға қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша шұғыл шаралар қа­былдауда, қосымша төсек орындар ұйым­дастырылуда, шетелдік сарапшылармен бірлесіп коронавирусты емдеу әдістері жан-жақты зерделенуде және жетілдірілуде. «Біз біргеміз, панедмияны жеңіп шығу үшін барлық күш-жігерімізді жұмылдырамыз. Біз бұл қиындықты жұмыла отырып, жеңе алатынымызға сенімдімін» деп атап өтті бас дәрігер Алексей Цой. Айта кетейік, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық аза тұту күнінде коронавирус індетімен күрес жолында бақилық болған барлық дәрігерлердің тізімін жариялады.

Н.Батыр

931 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы