• Қоғам
  • 16 Шілде, 2020

Оқшаулану мен онлайын жұмыс жалғасады

Елімізде короновирус жұқтырғандар саны сегіз мыңға жуықтап, одан қайтыс болғандар төрт жүзге жетіп қалды. Эпиде­мия­лық ахуалдың ушығып бара жатқанына  алаңдаған  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин режімін тағы екі аптаға созатынын хабарлады. Бұл туралы Ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазып, осы екі аптада Үкіметке карантиндік шараларды жүзеге асыруға нақты-нақты тапсырмалар берді.

«Еліміздегі эпидемиялық ахуалға байланысты карантин режімі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет» делінген Президенттің хабарламасында. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасына: «Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышанда-ры байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді» деп атап фөтті. Енді осы екі аптада оқшаулануды қағаз жүзінде емес, іс жүзінде барлық деңгейдегі әкімшіліктер мен жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыруы тиіс.

Н.Абайұлы

639 рет

көрсетілді

64

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы