• Руханият
  • 23 Шілде, 2020

Тектіліктің үлгісі

Мырзагелді Кемел ағаның есімінде «мырза» және «кемел» деген қос сөз бекер тұрмаған тәрізді. Ол кісінің ең басты қасиеті қазақтың санасын тек ізгілікке, жарқындыққа бейімдеу болды. Ол қазақтың, қарапайым халықтың барша проблемасы кедейліктен екенін ұққан соң ел-жұртымыздың ойлау жүйесін түзеуге жанын салған адам. Өйткені Ғаламның өзі сана екенін бұрынғы өткен данышпандар айтып кеткен болатын. Ізгілік энергиясына тартылудың құпия құдірет күшін түйсінгендіктен туған оң әдісті жазушы үзбей қолдануға аса ниетті болды. Біздің халықтың даналығы да, балалығы да, біле тұра білместігі де ешкімге ұқсамайтын қызық елміз ғой. Біздегі ұлттық потенциал мен кісілік ізгі қасиет шынында керемет бола тұра, рухани тоқырауға ұшырап қиналу неден туды?! Дүниежүзілік ғұламалардың игі жазбаларын, ақыл-ойдың кенішін қазаққа еншілетіп бермекке Мырзагелді Кемел бір кісідей атсалысты. Қазаққа болсын, қазақ білсін, жақсыдан үйренсін, жаманнан жиренсін деген перзенттік ақ жүрекпен көптеген кітаптар жазды. Ондағы көздеген асыл мақсат-мұраты 1932-33 және 1937-38 жылдары тамырына балта шабылып кеткендей көрінген ұлттық Тектілікті, нағыз Қазаққа тән дегдарлықты қайтадан қалыбына келтіру болатын. Орнында бар оңалар деген қағидаға сүйеніп істеді. Себебі Мырзагелді ағаның өз болмыс-бітімінде тектілік феномені анық көрініп тұратын. Ол кісі қазақтың хас жақсыларын құрметтеп, ұрпаққа үлгі тұтты. Өзі де сондай жақсы адам болатын. Ағамыздың алды жарық, арты жақсы болсын.

Айгүл КЕМЕЛБАЕВА

997 рет

көрсетілді

63

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы