• Мәдениет
  • 29 Шілде, 2020

БІЗДІҢ ТІЛЕК – БЕЙБІТ ӨМІР

Қазақстанға тағдырдың түрлі жолдарымен келген жүз жиырмадан аса ұлт тұрады. Әр ұлттың өзіне тән тұрмыс тіршілігі, мәдениеті, тілі мен діні бар. «Өзге ұлтсың» деп бөліп тастамай, қашанда қонақжай атанған қазақ ұлты мен кең байтақ қазақ жері оларды өз құшағына алды. Қазақпен терезесі тең ұлттардың бірі түріктермен таныс болайық.

«Ахыск» түріктері – 1944 жыл­дың қараша айында Сталиннің өктемдігі кезінде Орта Азия мен Қазақстан аумағына қоныс аударған халықтардың бірі. Оның тарихи Отаны – қазіргі Грузияның оңтүстік-батыс аудандары саналады. Кезінде осы аудандар Осман империясының құрамына еніп, Ахыск патшалығын құраған. 1829 жылғы түрік-орыс соғысынан кейін аталмыш жерлер Ресей империясының қол астына өтіп, Ахалцих уезд атағын алған. Осы кезеңде шекара жабылып, түрік халқымен қарым-қатынас үзіліп қалады. Сол уақыттан бастап «Ахыск» түріктері деп аталып, жаңа түріктер тарихы басталды. Олар өздерінің түп тамыры түрік ұлтынан тарағандықтарын мойындайды. Дүниежүзі бойынша түркі тілінде сөйлейтін халықтардың ең үлкен тобы – түріктер. Олар түркі тілдес халықтардың оғыз тобына жатады. Қазақстан Республикасында тұратын ұлттар арасындағы саны жағынан көбірек түрік өкілдері. 1995 жылғы мәлімет бойынша әлемде түріктер 55 миллионға жуық адамды құраған екен. Әміршілдік өктем жүйенің озбырлығын тартқан ұлыстың бірі – месхет (Ахысха) түріктері. Осман түріктерінің ата қонысы Месхетия-Жауахетия өңірін 1829 жылы Ресей жаулап алып, жергілікті халықтың өз елімен арасы үзіліп қалды. Қазақстандағы месхед түріктерінің коғамы шығарған «Возвращение» газетінің бір санында 1941 жылы Грузияның Түркиямен шекаралас бес ауданын мекендеген месхед түріктерінің жігіттерін майданға аттандырған, осы кезде 40 мың түріктің 26 мыңы қаза тапқан. Түрік ұлтынан жеті адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болса, мыңдаған адам түрлі марапатпен мадақталған. Қазіргі таңда месхед түркінің көпшілігі Казақстанның онтүстігіне шоғырланған. Түрік мәдени орталығы 1991 жылы ақпан айында Алматы қаласында құрылып, 1996 жылы Қазақстан Республикасының түрік қоғамы деп өзгертілген. Қоғамның филиалдары Қазақстанның оңтүстік аймағы мен оның аудандарында да ашылған. Орталық өз қызметін мәдениет деңгейінің көтерілуіне, әдет-ғұрыптары мен ұлттық сананың сақталып қалуына және өз ұлтының білімін көтеруге бағыттаған. Түріктердің көп шоғырланған Алматы, Тараз, Шымкент қалаларында түрік тілін үйрететін бірнеше оқу орны жұмыс істейді. Түрік диаспорасы өз араларында өкіл кеңесін сайлап отырады. Республикалық, облыстық, аудандық, ауылдық шараларға белсенді түрде қатысып, атсалысып тұрады. Қоғам филиалдары салауатгы өмip салтын ұстануға, келер ұрпақты төзімділік, адамгершілік рухында тәрбиелеуге ерекше көңіл бөледі. «Ахыска» Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетін өзара байытуға, Қазақстан мен Түркия арасындағы жан-жакты мәдени байланыстарды дамытуға себебін тигізуде. Осы ұлт өкілдерінің ішінен түрік халкының тарихын зерттеумен, тілін, мәдениетін, салт–дәстүрін сақтаумен және дамытумен және мәдени ағарту қызметімен айналысатын патриот азаматтар шыққан. Түрік ұйымы диаспорада туын­­даған мәселелерді шешеді, Қазақ­стан Республикасы мен басқа мемлекеттердің мемлекеттік және қоғамдык бірлестіктерінде түріктердің мүддесін қорғайды. Қазақстан түріктері арасында «Чичеклер» атты би ансамблі құрылған. Би ұжымы Қазақстан халықтар Ассамблеясы ұйымдастыратын барлық мерекелік іс-шараларда белсенділік танытады. 2001 жылы «Тәтті бұлақ» атты түрік тіліндегі көркем фильм жарық көріп, көрермендердің оң бағасын алған. Бұл көркем фильмнің сюжеті Қазақстандағы түрік диаспорының салт-дәстүрін, өмірі мен мәдениетін көрсетеді. Қазақ әуендеріне сабақтас келетін түріктің музыка өнері барынша дамыған. Түрік музыкасыңда хиджаз, зенгуле, курды, гулистан секілді мақам көп. Түрік халық саз аспаптары түрі жағынан аса бай. Шекті аспаптары: мейдан, сарай сазы, бозық, бағлама, тамбур, жура, булгари, чалғы, чеку, чоғыр дабылғы, дамбура, дынғыра, габут, кеманча, кожесан, гумуз, тар, рұзба, чеште, бункар. Би музыкасының тынысы боп есептелетін үрлемелі, ұрмалы аспабына ребаб, тамбур, уд, ковар, дюдюк, зурна, дэф, давул т.б. жатады. Түркия республика боп жарияланғаннан кейін Стамбұл, Анкара, Измир консерваторияларының, сондай-ақ Анкара оператта театрының ашылуы профессионалдық музыканы дамыта түсті. Би өнері де барынша дамыған. Қазақстанда түрік тілінде білім беретін мектеп пен лицейлер көп. Алматы облысының Қаскелең кентінде Сүлейман Демирелі атындағы үлкен ғимаратта және Алматы қаласында «Карьер» университеттерінде қазақ пен түрік студенттері жоғары білім алуда. Қаламыздың кез келген жерінен түріктердің өте тойымды әрі дәмді дөнер орталықтарын кездестіруге болады. Түрік диаспорасы азаматтарының көмегімен қазақ, орыс және түрік тілдерінде жарық көретін «Ахыска» атты Республикалық газеті өз оқырмандарын тапқан. Түрік халқының Қазақстандағы «Ахыска» атты мәдени орталығының төрағасы Зияддин Исюмханович Касанов: «Тағдыр тәлкегіне ұшырап, кіндік қаны тамған, бабаларының зираты жатқан ата қонысынан көз көрмеген, құлақ естімеген елге күштеп көшірілген бейкүнә жан­дардың қасіретіне түсіністікпен, аяу­шылықпен қараған қазақ халқы түрік ағайындарына да көмек қолын созды» деп өз алғысын білдірді. Еліміздегі бейбітшілік пен келісім, ұлтаралық достық және қоғамдағы азаматтық ауызбіршілік — барлық этникалық басылымдарының басты тақырыбы. Байланыс құралдарының қазіргі күндегі мүмкіндігі мен ықпалы өте зор. Елімізде тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің үнемі сақ­талуына атсалысып, қоғамда береке-бірліктің нығаюына үлесін қосуда. Президентіміздің алдымызға қойған мемлекеттік тілді меңгеру тапсырмасы аясында толыққанды жұмыс атқаруда. Қазақстанда тұратын түріктердің 80%-ы мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Қазақстандық патриотизмді әрбір азаматқа жеткізу, осы бағытта тәлім-тәрбие беру біздің бірлестігіміздің басты мақсаттарының бірі екендігі аян.Осыны жете түсінген түрік жастары жыл сайын Елордада бас қосып өздерінің ұлттық мерекесін атап өтеді. Кездесу барысында олар ұлттық би түрлерін билеп, сонымен қатар әр түрлі ойындармен кешті қыздыра түседі. Қазақстанды пана тұтқан әр этнос өкіліне осындай жақсы жағдай жасаған Президентке, әр қазаққа біздер шексіз қарыздармыз. Түріктің тілегі – қазақтың амандығы.

Мұрат АЛЬМАН Қарасай ауданы Алматы облысы

1793 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы