• Руханият
  • 29 Шілде, 2020

Қазақ ғылымының бәйтерегі еді

Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, экономист, Қазақстан ғылымы мен техника саласының құрметті қызметкері Кенжеғали Сағадиев өмірден озды. Кенжеғали Сағадиев 1938 жылы 18 ақпанда Қостанай облысы, Ақ­көл ауылында дү­ние­ге келген. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факуль­тетін бітірген. 1977 жылы экономика ғы­лымының докторы, 1978 жылы профессор, 1994 жылы Қазақ­стан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі атағын алған. Қазақстандағы 5 ірі жоғары оқу орнын басқарды. Целиноград ауылшаруашылық институты мен Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің ректоры болып жұмыс істеді. Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Халықаралық бизнес университетінің және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің президенті болды. Ұлттық ғылым академиясының бас ғалым-хатшысы және президенті болып сайланды. Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің директорлар кеңесінің төрағасы атанды. Парламент мәжілісінің үшінші (2004–2007 жылдар) және төртінші (2007–2011 жылдар) шақырылым депутаты болып сайланып, Мәжілістегі қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болды (2004–2007 жылдар). Ол өзінің ғылыми мектебін құрған академик. 445-тен аса ғылыми жұмыстың, оның ішінде 20 монография мен оқулықтардың авторы. АҚШ-тың Нью-Йорк академиясы мен Америкалық экономикалық ғалымдар қауымдастығының мүшесі, Пәкістан ғылым академиясының академигі, Халықаралық жоғары білім академиясының академигі болып сайланған. Ардақты ғалымның отбасына, туған-туыс­тарына қайғырып көңіл айтамыз.

«Қазақ газеттері» ЖШС

903 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы