• Руханият
  • 06 Тамыз, 2020

Соңғы сәтке дейін қатар жүрдік

Жақсылық ағамыз қайтыс болды дегенді естігенде есеңгіреп қалдық. Ол кісі спортта да, өмірде де жанашырым еді. Әрқашан ақыл-кеңесін беріп, жол көрсетіп жүретін. Әсіресе, жастарды бауырына тартып, бар білгенімен бөлісетін. Қашан көрсек те жүзінен мейірім шуағы төгіліп тұратын. Сол үшін де Жақсылық ағаның ­жанына жастар үйір еді. Қазақ елінің маңдайына біткен батыр да асыл азамат Қазақстан спортын биікке көтеріп, әлем халықтарының алдында абыройын асқақтатты. Осы салада ең жоғары жетістіктерге жетіп, Олимпиада ойындарын бағындырды. Грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері, Халықаралық спорт шебері, кеудесіне алтын ­медаль таққан қазақтан шыққан тұңғыш ­Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы еді. Жақсылық аға жас спортшыларға үлгі ­болып, әрқашан батасын беріп жүретін. Спорттағы жетістіктерімен тоқтап қалмай, еңбекте де ауылшаруашылығына көп үлес қосып, Еңбек ері атанды. Сөйтіп, тарихтағы аңыз адамға айналды. «Елімізде бес мың ғана ауыл бар шығар?! Бес мың қазақтың жігіті сол ауылдарымызды көтеріп жіберсек, одан басқа қандай бақыт керек?!» дейтін ағамыз. Ол кісінің өмірден өтуі қазақ елінің, спорт саласындағы барша спортшылардың қабырғасын қайыстырып кетті. Жақсылық аға бізді кішкентай кезімізден тәрбиелеп, ақыл-кеңесін айтып, батасын беріп жүретін. Соңғы сәтке дейін бірге болдық. Ұялы телефонмен де хабарласып, хал-жағдайын біліп отырдық. Мен үшін өте жақын адам болатын. Жақындарына, туған-туысқандарына және барша қазақ еліне қайғырып көңіл айтамын.

Нұрбақыт ТЕҢІЗБАЕВ, Грек-рим күресінен халықаралық санаттағы спорт шебері

795 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы