- Білім және ғылым
- 13 Тамыз, 2020
Онлайн білім дағдысы
БіліҚазақ ұлттық Қыздар педагогикалық университетінің студенттері «Birge oqý» платформасында «Цифрлы ментор 2.0» арнайы курсынан өтіп жатыр. Болашақ педагогтар курс барысында қашықтан оқытудың терминологиясы мен негізгі қағидаларын және онлайн білім берудің жаңа технологиялары мен әдіс-тәсілдерін жан-жақты меңгермек.
«Бұл жоба Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Елбасы Академиясының бастамасымен жүзеге асырылуда. Кәсіби мамандар мұғалімдер мен студенттерге және ата-аналарға екі тілде дәріс береді. Айта кетейін, «Birge oqý» педагогтарға қашықтан білім берудің қыр-сырын түсіндіретін көмекші құрал іспеттес. Платформа уақыт өткен сайын онлайн білім беру әлемінде мұғалімнің бағыт беруші таптырмас серігіне айналып келеді. Дәріс барысында қашықтан оқытудың негізгі құралдары, нұсқаулықтары мен техникасы көрсетіледі. Сондай-ақ сабақты неден бастау керектігі жөнінде тиісті кеңестер айтылып, жұмысты ұйымдастырудың қарапайым тәсілдері ұсынылады. Бұл өз кезегінде Қыздар университетінің қабырғасында білім алып жүрген болашақ педагогтардың кәсіби тұрғыдан шыңдалуына септігін тигізбек» дейді ҚызПУ-дың Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы. « «Birge oqý» жобасының негізгі мақсаты – қашықтан білім беру форматына көшуді оңтайландыру, мұғалімдер мен оқушыларға және олардың ата-аналарына онлайн оқыту барысында көмек беру, сапалы білім алуға мүмкіндік жасау» дейді жоба авторлары. Олардың айтуынша, дәріс кезінде ұзақ жылдар бойы онлайн білім беру саласында жұмыс істейтін, оның ерекшеліктері мен қағидаларын жете меңгерген отандық педагогтардың тәжірибесі ескеріледі.
Жандар АСАН

126 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *