• Қоғам
  • 13 Тамыз, 2020

Кәсіпкерлер көмегі

Қайырымдылық шаралары Жамбыл облысы Жуалы ауданында да қарқында түрде жасалуда. Еліміздегі қиын-қыстау кезде кәсіпкерлер жан-жақтан қолдау көрсетіп, елдің алғысына бөленуде. Мәселен, «Шұғыла» қайырымдылық қорынан үш дана, «DAULETTEN» қайырымдылық қорынан екі дана және «Көк Жиек» қайырымдылық қорынан бір дана оттегі концентраторы Жуалы аудандық орталық ауруханасына сыйға тартылды.

Тағы бір жуалылық кәсіпкер 109,6 млн теңгеге демеушілік жасады. Оның ішінде ауруханадағы медициналық қызметкерлер жұмыс барысында күнделікті пайдаланатын қорғаныс құралдары: 5000 дана «КН-95» маркалы респиратор, 5000 дана бір рет және көп рет қолданылатын арнайы қорғаныс костюмдері, бір рет қолданылатын медициналық қолғаптар және т.б. бар. Ел басына қара бұлт үйірілген тұста қолында барымен бөлісіп, ел-жұртының алғысына бөленген кәсіпкерлерге жұрт риза. Кәсіпкерлердің қолдауы әлі де жалғасып жатыр.

 Б.Мұратқызы

501 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы