• Қоғам
  • 13 Тамыз, 2020

«Отбасы сағаты» жобасы

Жаңа оқу жылы жақындаған сайын мектепке баласы баратын ата-ананың көкейінде сан алуан сауал орнығуы заңдылық. Бұл тұрғыда елімізде жауапты мекемелер тарапынан көптеген жұмыстар атқарылып жатыр.

Қарағанды облыстық білім бас­қармасы «Отбасы сағаты» ­жобасы аясында әртүрлі тақырыпта ата-аналармен, білім беру бөлім­дерінің ­мамандарымен, сынып жетекшілермен кездесу өткізіп келеді. Instagram және ZOOM платформалары арқылы басқарма парақшасында «тікелей эфирлер» өткізу арқылы білім беру жобалары барысында туындаған мәселелерді түсіндіріп, өзара кеңесе отырып, біріге жұмыс жүргізілуде. Мәселен, «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында өткен алғашқы кездесуге сегіз жүз ата-ана қатысып, тікелей эфир қаралымы 5600 адамға көбейген. Ал «Баланы үйде оқытуды қалай ұйымдастыруға болады?» атты тақырыпты қозғаған жиынға бір мың ата-ана қосылып, тікелей эфир арқылы 3500 адам қажетті сұрағына жауап алыпты. Мән берсеңіз, екі кездесу қорытындысы бойынша 1800 ата-ана мен оқушы қатысып, хабарды он мыңға жуық көрермен көрген. Бұл игілікті іс әрі қарай өз жал­ғасын табады. Осы бейсенбіде «Менің тұлға болып қалыптасуыма әсер еткен 3 кітап» атты кездесу ұйым­дастырылады. Спикері – кәсіпкер Ерлан Әшім.

637 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы