• Тіл
  • 21 Тамыз, 2020

АРГЕНТИНАЛЫҚТАР ҮЙРЕНГЕН ҚАЗАҚ ТІЛІ

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылдың 10 сәуірінен бері Аргентина азаматтарына Zoom арқылы қазақ тілін оқыту курсын бастаған еді.
Әлбетте, мемлекеттік тілдің мәртебесі – күнделікті өмірде мемлекеттік тілдің қызмет ету аясының кеңеюі мен шетелдерде қазақ тілін қолданушылардың көбеюімен арта түсері анық. Осы тұрғыдан келгенде, шет мемлекеттердегі қазақ тілін үйренгісі келетіндердің саны артып келе жатқаны қуантады. Онлайн курс барысында Аргентинаның ­Росарио қаласында орналасқан қазақстандық мәдени орталық мүшелеріне қазақ тілінің қарапайым А1 деңгейі үйретілуде. Онлайн сабақ ағылшын тілінде жүргізіліп жатыр.

Бұл курстың ерекшелігі – қазақ тілін үйрету ғана емес, қазақ халқының біртұтас мәдениетін дәріптеу және таныту. Қазақ тілінің базалық білімін игеріп, ауызекі тілде сұхбаттасуды үйрету, сөздік қорды көбейте отырып, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Бүгінде шетелдік аудиторияға арналған қазақ тілі курсының қарапайым А1 дең­гейінің дәріс бағдарламасы, оқу жұмыс жоспары, оқу-әдістемелік құралы, таратпа материалдар дайындалды.
Сабақтың әр сағатында тиімді әдіс-тәсілдер мен соңғы инновациялық техно­ло­гиялар пайдаланылып, аргентиналық­тардың қызығушылығына ерекше мән берілуде. Тіл үйренушілерді коммуни­кацияға бейімдеу, яғни тіл үйренушілерге қазақ тілінің бастапқы актив сөздерін, сөз тіркестерін, тіпті сөйлемдерін игерту басты назарда.
Онлайн курсты «Haileybury Astana» мектебі қазақ тілі пәнінің мұғалімі, phd докторант Ақниет Озатұлы әр жұма сайын жүргізеді.
– Әрине, ағылшын тілінің ішкі лин­гвистикалық табиғаты мен қазақ тілінің өзіндік табиғатының арасында түбірлі айырмашылықтар бар, – дейді дәріс беруші Ақниет Озатұлы. – Алайда оқыту­шының шетелдік тіл үйренуші аудиториямен еркін диалогқа барып, мәселені күр­делендірмей, мейлінше оңай, тиімді түсіндірудің нәтижесінде үш айдың ішінде тіл үйренушілерден қазақ тілінде жауап алатын деңгейге жетті.
Қазақ тілін үйренуге зор қызығушылық танытқан Аргентина азаматтары: ­Густава, Ирина, Жульетта, Аника, Григорий, Сергионың қазақ тілінде еркін сөйлеуге, ақпараттық технологияларды қолдануға деген танымдық кызығушылығы, тапсырмаларды орындауға, қазақ тілін меңгеруде мультимедиялық құралдар мен электронды оқулықтарды қолдануға деген ұмтылысы ерекше байқалуда. Сабақ барысында ­Сергио есімді азамат «Ұлттық домбыра» күніне орай қазақ күйлерін орындап, көпшілікті тәнті етті.
Сонымен қатар олардың қазақ ­мә­дениетіне, өнеріне, музыкасына ықы­ласы ерекше. Росарио қаласындағы ерікті топтың «Қазақ мәдениеті» орта­лы­ғын құруы – осының дәлелі. Олар еліміздің Тәуелсіздік күні, Наурыз сияқты мерекелерді жыл сайын атап өтуді дәстүрге айналдырған. Facebook әлеуметтік желісінде Rosario қазақ ­мә­дениет орталығының тарапынан қазақ халқының мәдениетін насихаттауға және дәріптеуге арналған парақша тұрақ­ты түрде жүргізіледі. Тіпті халықаралық деңгейдегі спорттық шараларда Қазақстан азаматтарына жанкүйерлік танытатыны жүрекке жылы тиеді.
Росариода ту орнатуға арналған әлем­дегі жалғыз монумент орналасқан, ол жерде жыл сайын желтоқсанның 16-сында Қазақ­станның туы желбірейді.
Биыл елімізде тұңғыш рет мемлекеттік мереке ретінде аталып өткен Абай күні мемлекеттік органдардың делегаттары, Росарио қаласының әкімшілігі, Оңтүстік Америка мемлекеттерінің акаде­миялық және бизнес орталарының өкілдері, осы елдердің Бразилиядағы дипло­матиялық миссияларының басшылары мен қызметкерлері, Қазақ мәдени орта­лығының волонтерлері қатысқан осы қаладағы бейнеконференцияға ұласты. Қазақтың ұлы ойшылының өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми іс-шаралар, әдеби кештер мен көрмелер ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Қойшыбай Есентаев

1284 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы