• Қоғам
  • 26 Тамыз, 2020

Алматының әлеуметтік жағдайы қандай?

«Алматы» ТА-ның тікелей эфирі кезінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев карантиндік шараларды жеңілдетудің барысы және ШОБ кәсіпорындары мен нысандарының жұмыстарын қайта жандандыру жөнінде әңгімеледі. Алматыдағы ШОБ 17,5 мыңнан астам субъектілері жұмыстарын қайта бастады. Алматының шеткі ықшамаудандарындағы 177 көшеге жаңа жолдар салынады. Б.Сағынтаев Akimat LIVE-нің тікелей эфирінде алматылықтардың сұрақтарына жауап берді.

ШАҒЫН-ОРТА БИЗНЕС ҚАЙТА ЖАНДАНУДА

ШОБ субъектілерінің жұмыстарын қайта жандандыру infokazakhstan.kz порталында тіркелген соң, кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады. Санитарлық-эпиде­миологиялық ережелермен танысқан соң, кәсіпкерлер санитарлық нормаларға сай акт алатын болады. Актіге сай кәсіпкерлер нысанның толық жұмыс істеуі жөніндегі талапты орындаулары тиіс.
Жұмыстың қайта басталғаны туралы хабарландыруды барлық субъектілердің 90%-ына берулері тиіс. Ашып айтар болсақ, сауда және ойын-сауық орталықтары, ­сауда орталықтары (бутиктер), бөлшек сауда желілері және сыйымдылығы 30% және жалпы көлемі 4 шаршы метрден аспайтын жабық базарлар, сұлулық салондары, шаштараздар, СПА орталықтары, жалпы көлемі 4 шаршы метр болатын сұлулық салондары және тағы басқалары.
Ал вирустың таралу қаупі жоғары қалған субъектілер жұмыс комиссиясының тексеруінен өтетін болады. Олар – сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері, сауда алаңы 2000 шаршы метрден астам азық-түлік емес дүкендер, сонымен қатар қызметкерлері арасында КВИ ауруының көрсеткіші жоғары нысандар.
19 тамыздағы жағдай бойынша 17698 өтініш түскен, олардың 14043 (79%) мақұлданды. Оның үстіне кәсіпкерлердің басым бөлігі (13807) жұмыстарын шақыру тәртібі бойынша бастады. Қалғандары (236) аудандық әкімдіктер жанындағы мониторингтік топтар тексеру жүргізген соң жұмыстарын бастайды. Егер белгілі бір себептер бойынша рұқсат етілмесе, онда кемшіліктерді түзетіп, жұмысты қайта бастауға болады.

ШОБ СУБЬЕКТІЛЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӘРҚАШАН БАҚЫЛАУДА

Қала әкімі Б.Сағынтаев Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде алматылықтардың сұрақтарына жауап бере келіп, қалалықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелері бұзылған жағдайда дереу хабарлауға шақырды.
Шектеу шаралары монитроингі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ағым­дағы жылдың 5 шілдесіндегі «Сани­тарлық-эпидемияға қарсы және сани­тарлық-профилактикалық шараларды ұйымдастыру мен өткізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы негізінде ҚР Әкімшілік-құқықтық кодексінің 802-бабына сәйкес жүзеге асады. Әкімшілік шаралар ҚР Әкімшілік-құқықтық кодексінің 425 бабының 1 тарауы бойынша қабылданады.
Мониторингтік топтар ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап 7550 ­нысанды тексерді, олардың ішінде 2952 обьектінің карантиндік және маскалық режимдерді бұзғаны анықталды. Рейдтер нәтижесі ­бойынша мониторингтік топтар мынадай шараларды жүзеге асырды: 4496 субъектілерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 696 нысан жұмыстарын өз еріктерімен тоқтатты. Әкімшілік-құқық бұзушылық негізінде 3150 хаттама толтырылды, оның ішінде заңды тұлғаларға – 126, жеке тұлғаларға 3003 айыппұл ­салынды. Маскалық режимді бұзғандары үшін 2952 адам 30 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болды.
Қалалықтар режим талаптарын бұз­ғандар туралы infokazakhstan.kz ­порталы арқылы хабарлай алады. Кез келген ғимарат ішінде режим талаптарының бұ­зылғандығын суретке түсіруге және жіберуге болады. Осы арқылы кәсіпкер мониторингтік топ келгенше кем­шілік­терді түзей алады. Бұл да белгіленген нормалардың сақталуын ынталандыруға ықпал ететін болады.
Алматыда 19 тамыздағы жағдай ­бойынша COVID-19-дің 13938 оқиғасы тіркелген. Олардың ішінде, 11 935 адам, бұл науқастардың 85% емделіп шықты. 100 мың адам тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 698,09. Вирусты симптомды жұқтырушылар – 8322 адам, симптомсыздар – 5616 адам. Тәулік ішінде 22 оқиға (симптомды – 5, симптомсыз – 17) тіркелді, өкпенің анықталмаған қабынуы бойынша қосымша 44 оқиға. Тәуліктік өсім – 0,2%.
Алматы әкімі вирустың таралу тізбегін жою мақсатында адамдар көп шоғыр­ланатын орындарға баруға уақытша тыйым салынғанын еске салды. Сонымен қатар демалыс күндері қоғамдық көлік жұмысын тоқтатады.

177 КӨШЕГЕ ЖАҢА ЖОЛ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде алматылықтардың сұрақтарына жауап бере келіп, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жол инфрақұрылымын жақ­сарту жөнінде айтып берді.
Түрксіб ауданындағы «Қайрат» ықшамауданының тұрғыны нашар жолдар туралы шағымданған еді. Ағымдағы жылы осы «Қайрат» ықшамауданындағы 51 көшеге сумен қамту және судан бөлу желілері тартылуда. 51 көшенің 26-сына асфальт бұрын төселген. 25 көше топырақты. 26 көшенің 7-еуіне асфальт төселді, 19 көше бойынша жұмыстар жүруде. 25 топырақты көшелердің 10-ына инертті материалдар төселді, 15 ­бойынша жұмыстар жүруде, оның ішінде жаңа айтылған Сарыарқа көшесі де бар. Аталған көшелерге жаңа жол салу келер жылға жоспарланған.
Жалпы қала бойынша ағымдағы жылы ұзындығы 47,4 шақырым болатын 177 көшенің жолдары салынуда, оның ішінде ұзындығы 18,6 шақырым болатын 112 көшедегі жолдардың құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін ұзындығы 28,8 шақырым болатын қалған 65 көшедегі жолдардың құрылысын аяқтау жоспарланған.
Жаңа жолдар «Өжет», «Ұлжан-1», «Ұлжан-2», «Шаңырақ-2», «Әйгерім-1», «Әйгерім-2», «Дархан-Байбесік», «Трудовик» («Томирис»), «Алғабас-АЗТМ», «Жасқанат», «Қарасу», «Көк­қайнар», «Ақбұлақ», «Саялы-2» ықшам­аудандарында пайда болады. Бұларда 122 мыңнан астам тұрғын бар.
2020 жылға ұзындығы 200 шақы­рым ­болатын 283 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспар­ланған. Қазіргі кезде ұзындығы 62,6 шақы­рым болатын 91 көшеде жөндеу жұмыстары аяқ­талды. Қаланың 300 мың шаршы метр көше-жол желілеріне асфальт төсеу жоспар­ланған. Бүгінгі күні 151 мың шаршы метр аумақтың жұмысы аяқталды. Жоспар­ланған 30 шаршы тро­туардың 19,2 шаршысы салынды.

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАР ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Алмалы ауданы әкімінің аппараты ­Алмалы ауданының «Бақытты ­отбасы» орта­лығымен бірлесіп әлеуметтік тігін ­цехын ашуды жоспарлап отыр. Әлеуметтік тігін шеберханасын ашудың басты мақсаты – әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, Алмалы ауданының көп балалы және аз қамтылған отбасыларын жұмысқа орналастыру. Тігіншілерді оқытуды «QSP» ЖШС (QazaqSocialproject) өз жабдықтарымен өткiзеді.
Әлеуметтік тігін цехы кәсіпкер­лердің қолдауының арқасында жүзеге ­асырылды.
Атап айтқанда, «Жібек жолы» бизнес орталығы бизнестің әлеуметтік жауап­кершілігі аясында цех жұмысын ұйым­дастыру үшін орын беріп, ауданның кәсіп­орындары мен ұйымдарының қол­дауы­мен цех жұмысына қажетті заттармен жабдықталды. Бұл цехқа 15 көп балалы ана жұмысқа орналастырылды, онда тігін өндірісі бойынша тәжірибелі маманның басшылығымен өздерінің практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік бар. ­Сонымен қатар цех қызметкерлері «Қолдау» кәсіпкерлік орталығының ­«Табысты тігін бизнесін қалай іске қосу керек» онлайн оқуынан өте алады. Осылайша, тігін цехында оқу және жұмыс істеу кезінде көп балалы аналар тігін өндірісі бойынша барлық кәсіби құпиялар мен ұсақ-түйектерді үйренеді және өз бетінше бизнесін ­бастайды және жүргізе алады.
Сондай-ақ цех қызметкерлері өнді­рілген тауарды сату нарығында жылжыту негіздерін оқиды, маркетинг және интернет сату негіздерін үйренеді.

Н.СҰЛТАНҒАЗИЕВ

749 рет

көрсетілді

36

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы