• Қоғам
  • 02 Қыркүйек, 2020

Білімді ұрпақ – жарқын болашақ

Білім күні жас үшін де, кәрі үшін де мерейлі ­мереке, зор қуаныш. Шәкәрім атамыздың «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деп айтып кеткеніндей, биылғы жаңа оқу жылы жылдағыдан өзгеше. Бұл күні бүлдіршіндер мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, мектеп атты зәулім ғимаратқа имене көз тастап, алғашқы ұстазымен қауышып жататын.

Мұқағалиша айтсақ, тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын аяулы мектеп. Бұл қабырғадан аңғал бала білімді бозбалаға, кішкентай қыз білікті бойжеткенге айналып шығады.
Біздің «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия да бұл айтулы мерекеге қызу дайындалып, қашықтан сынып сағаттарын өтіп шықты. Барлық гимназия оқушыларын гимназиямыздың басшысы Гаухар Бозжігітқызы өзі құттықтап, шәкірттерге осы оқу жылын табысты, абыройлы, көптеген жетістіктермен өткеруіне тілектестік білдірді. Ұстаздарымыз бен оқушыларымыздың көңіл күйлері көтеріңкі, оқуға зор құлшыныспен кірісіп жатқаны байқалады. Орта буын оқушылары «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында сынып сағатын өтсе, жоғары буын «Мамандық таңдау – ертеңді ойлау» тақырыбында сынып сағаттарын өтті. Тақырыптарға байланысты слайдтар жасалып, бейнероликтер көрсетілді. Барлық сынып оқушылары белсенді болып, ұстаздарын аса қызығушылықпен ұйып тыңдағаны байқалды. Мектепті сағынып, өз достарымен бірге болғысы келетін оқушылар да көп. Шын мәнінде барлығымыздың көкейімізде сондай сезім болғаны белгілі.
1 кыркүйек – мектеп оқушыларының ғана емес, бүкіл халықтың мерекесі. Сол себепті, ол «Білім күні» деп аталады. Адам баласы білімді ғұмыр бойына жинайды. Сол білімді біз, яғни ұстаздар ақсатып алмауымыз қажет. Бар күш-жігерімізді салып, өз біліміміз бен білігімізді ­аямай, шәкірт жүрегіне ұялата білу – басты мақсат. «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия ұстаздары қандай да бір талап немесе тапсырманы абыроймен орындауға тырысады.

А.Тұрсынова,
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

1384 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы