• Қоғам
  • 02 Қыркүйек, 2020

Зерттеушілер бас қосты

Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында «Ұлы дала тарихы және мәдениеті» атты конференция өтті. Конференцияға қазақстандық жәнге шетелдік ғалымдар, зерттеушілер, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары ұлттық тарихты тұтастай көруді қалыптастыру, тарихи жадыны, сабақтастықты сақтау және ұқсастықты қалып­тастыру мақсатында, 2018-2020 жж. «Ұлы дала тарихы және мәде­ниеті» атты пәнаралық ғылыми бағдар­ламаны іске асырған болатын. Үш жылдық зерттеулер нәтижесі бойынша тарих пен мәдениеттің өзекті мәселелеріне қатысты жаңа теориялық-методо­ло­гиялық тәсілдер мен тұжырымдар әзірленіп, қоры­тынды конференция аясында айтылды.
Конференция жұмысы Ұлы да­ланың этногенезі және этникалық тарихы; Қазақ мемлекеттілігінің тарихы; Қазақстан тарихындағы сәйкестілік пен жаңғыру тақырыптарын қозғады.
«Ұлы Дала тарихы және мәдениеті» атты қорытынды халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмы­сына шетелдік және қазақстандық ғалымдар – археологтар, тарихшылар, ­шы­ғыстанушылар, генетиктер, антропологтар, этнографтар, сонымен қатар ака­демиялық институттар, архивтер, музейлер мен жоғары оқу орындарының өкілдері жаңа білім және зерттеу жұ­мысы тәжірибесімен алмасу үшін қатысты. ­Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Сирия, Үндістан, Қытай, Жапония, Израиль, Германия, Франция, Ұлыбритания мен АҚШ-тың 80-нен астам ғалымы онлайн-баяндама жасады.
Дүниежүзілік жүйедегі Қазақстан Республикасының рөлі мен алатын орнын зерделеудің кешенді сипаты мен пәнаралық тәсілінің Шығыс пен Батыс өркениеттерін зерттеуде маңызы зор.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты Бағдарламалық мақаласы мен 2018-2020 жж. арналған ҚР БҒМ бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруы контексінде тоғыз ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар «Ұлы Дала тарихы және мәдениеті» пәнаралық ғылыми Бағдарламасын іске асырып келеді. Айта кетейік, бағдарлама алғаш рет пәнаралық дәрежеде жүзеге асырылып, Елбасының қоғамдық сананы жаңғырту туралы идеясын жүзеге асыратын қоғамдық-гуманитарлық саладағы нақты нәтижесі болып есептеледі.

Н.БАТЫР

538 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы