• Әдебиет
  • 02 Қыркүйек, 2020

Жазушының рухани әлемі

Кітап – біздің рухани байлығымыз, білім теңізіндегі өз компасымыз. Өйткені ғаламның бар құпиясы кітапта сақтаулы. Ұлттық болмысымыз бен тарихымызды, салт-дәстүріміз бен тілімізді сүйіп, оны бойға сіңіруде бүгінгі күні кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптардың септігі тиері анық.

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы бойынша Ұзақбай Доспанбетов 2020 жылы Алматы қаласындағы Таймас (ИП «Немцов») баспасынан қайта өңделіп жарық көрген екі томдық «Қызыл жолбарыс» тарихи романы, «Бақ пен сор» және «Қанды жол» атты кітаптарын Алматы облыстық кітапхана қорына тарту етті.
Жазушы «Қызыл жолбарыс» ­тарихи романын ел аузында сақталған қыруар аңыздарды жинаумен қатар Алматы, Талдықорған, Шымкент, Ташкент, Мәскеу қалаларындағы мұрағаттардан сан салалы зерттеу жұмысының жүргізілгені туралы баяндаса, ал «Бақ пен сор» кітабында әр жылдағы жазған таңдамалы повестері, әңгімелері, сондай-ақ ­әдеби-сын, ғылыми-зерттеу мақалалары енгізілген. «Қанды жол» кітабында қазақ тарихындағы ең бір қайғылы, қаралы кезеңі 1928-1931 жылдардағы ашаршылық, кәмпеске, ел-жұрттың атажұртын тастап, жат елдерге жаппай көшуі сипатталған.
Қаламгер кітаптарындағы қазақ халқының қилы тағдыры, өткен жолы, бүгінгі бақытты кезеңі жастар үшін мол рухани дүние.

Жадыра Асылбаева,
С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапхананың Алматы аймақтық филиалының кітапханашысы

2926 рет

көрсетілді

733

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы