• Қоғам
  • 02 Қыркүйек, 2020

«Аңсаған сәби» жобасы отбасын біріктіреді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты дәстүрлі ­Жолдауын жолдады. Мемлекет басшысы қолжетімді әрі сапалы білім саласы туралы ­«Коронавирус індетінің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде. Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні «WhatsApp»-тан бас көтермейтін болды. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет» деп атап өтті.
Жер бетіндегі кез келген халықтың өз алдына ұлт болып ұйысуына, жеке халық, егемен ел, дербес мемлекет болып қалыптасуына әйел-аналардың сіңірген еңбегі зор деп айтуға болады. Айталық, тарих қойнауына назар ­салып көрсеңіз, баяғы Ұмай ана, бертіндегі Айша бибі мен Абақ ана, Домалақ ана мен Қыз ене, Қасым ханның анасы Жаған бике, Тәуке хан мен Есім ханның аналары Жақсыбике, ұлы Абай тәрбиесін көрген Зере мен Ұлжан, қол бастаған Бопай ханым, ел билеген Айғаным, Ұлпан аналарымыздың есімі ел өмірінде алтын әріптермен өрнектелген. Бүгінгі жаһандану дәуірі осы дәстүрлі құндылықтарымызға салқынын тигізді. Талай отбасы бала сүю бақытынан айырылып, көптеген шаңырақ шайқалды. Мемлекет басшысы дүниеге ұрпақ әкеле алмай жүрген отбасыларға көмек көрсетілетінін атап өтті. Бұл қуанарлық жайт. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын бастауды тапсырамын. ЭКО бағдарламалары арқылы квота санын жеті мыңға дейін, яғни жеті есе көбейту керек» деді. Еліміздің дамуы алдындағы барлық міндеттердің Президенттің бағыт беруімен жемісті жүзеге асырылатынына кәміл сенемін. Біз, Іле ауданының аналары, Президенттің Жолдауын бір кісідей қолдаймыз.

Мейрамгүл ЖАБИЕВА,
Қазақстан халқы ассамблеясының Алматы облысы Іле аудандық Аналар кеңесінің төрағасы

767 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы