• Қоғам
  • 09 Қыркүйек, 2020

Қазақ зиялыларының өмірінен телесериал түсірілді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ғылым және шығармашылықпен айналысатын зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, оларға ерекше көңіл бөле бастаған болатын. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру міндеттерін жүзеге асыруда зиялылардың еңбегі ерен. Сондықтан да қай кезде болмасын ұлт зиялыларының орны ерекше. Оның тағы бір дәлелі, жуырда «Алматы» арнасы Екінші дүниежүзілік жылдарындағы қазақ зиялыларының өмірі мен қызметін суреттейтін «Алматым жүрегімде» атты телехикаяның тұсауын кеспек. Телесериал соғыс кезеңіндегі алматылықтардың және қалаға көшірілген азаматтардың өмірі жайлы өрбиді.

1941 жылы қыста Ресейдің танымал жазушысы қызымен бірге еліміздің астанасына қоныс аударады. Алла Корчевская дарынды жас опера әншісі.
Зұлмат соғыс басталар алдында шешесінен айырылған Алла жабырқаулы күй кешеді. Эвакуацияланған мәде­ниет қайраткерлерінің басым бөлігі әйгілі «Лауреатникте» өмір сүрсе, Корчевскийді қазақтың танымал жазушысы өз үйіне шақырады.
Қасымовтың ұлы – Әмір Аллаға ғашық болады. Әмір жас, сымбатты, батыр, әрі дарынды музыкант. Ол бойжеткенді Кеңес үкіметінің әйгілі артисінің қатысуымен өтетін «Бақшасарай субырқағы» балетіне шақырады. Содан бері Опера театры жас әншінің өмірінің бір бөлшегіне айналады.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен түсірілген телехикаяның басты рөлдерін Роза Мұқатаева, ­Алдияр Байракимов, Данил Попов және Гүлмира Дайрабаева сомдады.
«Алматым жүрегімде» телехикаясы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналады. Бұл сұрапыл соғыс кезеңіндегі зиялы қауымның өмірінен сыр шертетін, шынайы оқиғаға негізделген фильм. Сол жылдары Алматы бүкіл Кеңес үкіметінен эвакуацияланған азаматтарға пана болып, театр және кино майталмандарының басын қосты. Басты кейіпкер арқылы алматылықтардың қиын-қыстау кезеңдерді өткеруі, адамгершілік қасиеттен айырылмай, кино және театр саласын дамытып, болашақ пен бейбіт өмірге ұмтылысы көрініс табады» дейді «Алматы» телеарнасының бас директоры Нұржан Мұхамеджанова.
Жас әнші Айбек Серікхановтың бұл алғашқы бас рөлі екен. Телехикаядағы рөлді сомдау үшін жан-жақтылық қажет болды дейді ол.
«Біріншіден, маған өзімнің сомдайтын кейіпкерім ұнады: жағымсыз кейіпкер. Сол жағы мені қызықтырды. Бір кезде мейірімді, бір кезде қатыгез боламын. Офицердің киімімен жүрем, бірақ өзім қылмыскермін. Адамды өлтіре салу маған түк емес. Қызға күліп қараймын, мейірімді болып көрінемін. Бірақ түсірілім кішкене қиындау өтті» дейді Айбек.
Алғаш рет «Қазақстан дауысы» арқылы көрермен көзайымына ай­налған әнші Роза Мұқтаева да басты рөлдердің бірін сомдамақ. Розаның айтуынша, бұл телесериал ешкімді бейжай қалдырмайды. Күлдіреді, қуантады, жылатады, қайғыртады...
Ең бастысы өткен тарихтан сыр шер­тетін «Алматым жүрегімде» телехикаясы 14 қыркүйектен бастап көрерменге жол тартады.

Ақбота ҚУАТОВА

906 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы