• Қоғам
  • 16 Қыркүйек, 2020

Мемлекеттік ұстаным жетіспейді

Мұрат Әбенов,
«Серпін» ұлттық білім беру және инновация палатасының төрағасы:

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында қолжетімді әрі ­сапалы білім беру мәселесіне айрықша назар аударды. Былтыр ­дипломды оңды-солды үлестірумен айналысатын білім мекемелерін жабуды тапсырғанын, өкінішке қарай, білім беруді ­табыс­ты бизнеске айналдырған ықпалды адамдардың қарсылығынан бұл жұмыс баяу жүріп жатқанын атап өтіп, ­Премьер-Министрге бұл мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды. Меніңше, өте дұрыс. Енді Үкімет басшысының өзі тікелей айналысып, осы мәселенің тезірек шешілуіне ықпал жасайды деп ойлаймын.
Бұл нені көрсетеді? Кейде Үкіметте, мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жүргендер ортақ бір көзқараспен ­санаспай, әрқайсысы өзінше әрекет ететін сияқты көрінеді. Сондықтан да Президенттің Жолдауында айтылған ой, берілген тапсырма өте баяу жүреді. Демек, бізде берілген тапсырмаға жеке адам немесе мекеме емес, мемлекеттік ұстаным тұрғысынан қарау мінезі жетпейтіндей. Мысалы, күнделікті өмірде ақшасын төлеп, оқу оқып, дип­ломын алып алғаннан кейін жұмысқа тұра алмай жүрген қаншама жасты көреміз. Басты себебі, беретін білім сапасы төмен. Ондай дипломмен жұмысқа тұру мүмкін емес. Жастарға обал. Біріншіден, ақша беріп бір алданса, екіншіден, уақытын жоғалтып алып, жұмысқа тұратын кезде тамыр-танысын іздеп, пара беруге мәжбүр. Осындай проблемаларды болдырмау үшін, әрине, Президенттің бұл тапсырмасы өте тиімді деп есептеймін.
«Кәсіпкерлік негіздері» пәні мектептен бастап жоғары оқу орнына дейінгі барлық білім беру сатысында оқытылуы қажет деген пікірді қолдаймын. Қазір бізде кәсіпкерлікті Кәсіпкерлік палата оқытып, көп жерлерде ақшасын пайдаланып жатыр. Мен оған қарсымын, өз басым оны тиімсіз деп есептеймін. Олардың өздерінде дайын тұрған ­мамандары жоқ, ол қалай тиімді ­болады?
Ал мектепте пән ретінде енгізу және арнайы білім саласында педагогтардың арасында кәсіпкерлікті оқытатын ұстаздарды дайындау мәселесін қолдаймын. Ол бізге өте қажет. ­Мысалы, дүниежүзінде университетті бітірген адам жақсы білім алды деп есептеледі. Егер ол адам университетті бітірген кезде жаңадан жұмыс орнын ашып, компания ашып, сол компанияны ашуға ақшаны өзі тауып әрі өзгені де жұмыспен қамтыса, онда ол диплом алды, университет бітірді деп бағаланады. Бізде мұндай жоқ. Өкінішке қарай, бізде диплом алған адам басқалардан жұмыс іздейді немесе жұмыссыздар қатарын толықтырады. Бұл енді өте үлкен ­проблема.
Осы тұрғыдан келгенде, жастайынан кәсіпкерлікке баулу, кәсіпкерлікті оқыту мәселесі тиімді. Оқуын бітіргеннен кейін кәсіпорын ашса, өзгелерді жұмыспен қамтыса, біреу жұмыс тауып береді деген көзқарастан арылса – оқудың нәтижесі сол болар еді.

94 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала ҰЛТ ЖОСПАРЫНЫҢ ТІРЕГІ – ӘДІЛЕТТІ ҮКІМЕТ
Келесі мақала Бедеулік пен белсіздік демографияға кері әсерін тигізетін күрделі мәселе

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ANA TILI №43

22 Қазан, 2020

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жанарбек Әшімжан

Бас редактор