• Қоғам
  • 23 Қыркүйек, 2020

Сенатор ДДҰ өкілімен кездесті

Парламент Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің басшысы доктор Каролин Кларинвальмен кездесті. Тараптар COVID-19-ға қарсы күрес мәселелерін, оның ішінде Қазақстандағы ағымдағы жағдайды, сонымен қатар Арал өңіріндегі халықтың денсаулығын қорғау мәселелерін талқылады.

Сенатор Ақмарал Әлназарова Дүние­жүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстанға Covid-19 пандемиясымен күресте көрсеткен жан-жақты қолдауы мен ынтымақтастығы үшін ДДҰ-ның ресми өкіліне алғыс айтты.
«ДДҰ билік органдарының маңызды серіктесі болып келеді, өйткені ұйым COVID-19-ға жауап ретінде техникалық ұсыныстар әзірлейді, өзге де техникалық білікті ресурстарын ұсынады. Бізді халық денсаулығын сақтау мен заң шығару мәселелеріндегі өзара ынты­мақтастығымыз қуантады» деп атап өтті Сенат депутаты.
Доктор Кларинваль ДДҰ Қазақ­станның COVID-19-ға қарсы күрестегі күш-жігерін, сондай-ақ пандемия­мен күрестің алдыңғы шебінде жүр­ген қазақстандық медицина қыз­мет­керлерінің кәсібилігі мен жан­кеш­тілігін жоғары бағалайтынын жеткізді. Сондай-ақ ол ДДҰ Қазақстанға эпидемиология, қауіп-қатер коммуникациясы, логистика және өзге де денсаулық сақтау бағыттарында қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты.
«Ынтымақтастық, өзара іс-қимыл, білім және ресурстар алмасу неғұрлым тез әрекет ету үшін аса маңызды, сон­дықтан халықтың денсаулығын қорғау жолында барлық тараптар арасында сындарлы диалог құра отырып, бір ­ба­ғытта жүруді жалғастыру маңызды» деп түйіндеді ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің басшысы.

51 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала АҒАШ ЕГУ – ІЗГІ ІС
Келесі мақала Расул Жұмалы, саясаткер: ҚОҒАМНЫҢ ҚҰЛШЫНЫСЫ ҚАЖЕТ

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ANA TILI №48

26 Қараша, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жанарбек Әшімжан

Бас редактор