• Қоғам
  • 30 Қыркүйек, 2020

Расул Жұмалы, саясаткер: ҚОҒАМНЫҢ ҚҰЛШЫНЫСЫ ҚАЖЕТ

Президент Қ.Тоқаевтың халыққа жолдаған Жолдауын әр қазақ оқып шығып, өзіне керегін алуға болады. Жолдау жалпақ тілмен айтқанда, түсінікті, оқыған адам көп нәрсеге қанығады.
Қазіргі өміріміздегі елді алаңдатып отырған өзекті мәселелер қамтылды. Тек жақсы жаңалық қана емес, шындықты жеткізу, шынайы баға беру, жағдайдың өте күрделі екенін мойындау, меніңше, осы мәлімдемеде кеңінен арқау болды. Пандемия, коронавирус, экономикалық қиындықтар, бәрі жан-жақты қозғалып, тығырықтан шығудың жолдары ұсынылды.
Менің айтайын дегенім, біріншіден, бұл жерде бұрын­ғы Жолдаулардағыдай ұзақмерзімді жобалар болған жоқ. Елу мемлекеттің қатарына қосыламыз, аймақтың көш­бас­шы­сына айналамыз, азиялық барыс боламыз деген ірі жобалар­дан гөрі, бүгінгі қоғамды алаңдататын көкейкесті мәселелер қозғалды. Кез келген азаматты экономикамыз бес-он пайызға өсті немесе жиырма жылдан кейін «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайды» деген әңгіме қызық­тыр­майды. Оның қажеттілігі де шамалы. Оған бүгінгі жа­ла­қысы, бүгінгі тыныс-тіршілігі, баласының бүгінгі білімі маңызды. Бұл тұр­ғыдан келгенде Жолдаудың өмірге жа­қын­дығы байқалып, мәлімдеме тармақтарында мақсатқа жетудің нақты жолы, қандай әрекеттер арқылы іске асырылатыны өзек болды.
Біздің жүйеде өте жақсы бағдарламалар өмірге келіп, жақсы жобалар бекітілгенімен, соның қаншасы орта жолда үзіліп қалып, іске аспай жататыны жасырын емес. Нәтижесінде бос сөз, құрғақ уәде болып шығады. Сондық­тан жоғарыда көтерілген мәселелердің қанша­лықты іске асатынын уақыт көрсетер. Бұл мемлекетке, билікке, Президентке үлкен сын. Ал қоғам осындайда белсенділік танытып, мүмкінді­гінше қолдау білдіруі керек. Біз қол қусырып қойып, «мұның бәрі бос әңгіме» деп сырт берсек ол жараспайтын тірлік. Дәл осы мәселеге келгенде қоғамның өзі құлшыныс танытпай, 18 млн адам бейжай, «мен не шешемін», «менің қолымнан түк шықпайды», «мен кішкентай адаммын» деп отыра беретін болса, әрине, кез келген ең жақсы бастаманың өзі орта жолдан қалатыны анық. Меніңше, қазір қоғамға жақсы мүмкіндік беріліп отыр. Қоғамдық істерге араласу, өзінің белсенділігін таныту, тіпті жастарға праймериз дейміз бе, әлеуметтік баспалдақтардың пайда болуы, партия құру арқылы өзінің белсенділігін таныту, атсалысу, бұның барлығы белгілі бір дәрежеде қоғамға жауапкершілік жүктейтін мәселелер. Біз осыны өз пайдамызға асырып, қоғамның алдындағы жауапкершілікке саналы түрде жауап беруіміз керек.

100 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Сенатор ДДҰ өкілімен кездесті
Келесі мақала АУЫЛ – ҚАЙНАҒАН ЕҢБЕКТІҢ ОРТАСЫ

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ANA TILI №43

22 Қазан, 2020

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жанарбек Әшімжан

Бас редактор