• Мәдениет
  • 07 Қазан, 2020

«Абай әлемі» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев­тың 175 жылдық мерейтойына арналған студенттер мен магистрант­тар арасында ұйым­дастырылған «Абай әлемі» үздік ғылыми жұмыс байқауының қорытындысы жариялан­ды. Аталған байқауды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырған.

Қазылар алқасы 100-ден астам ­ғы­­лы­ми жұмысты іріктеп алған. «Бай­қау­ды ұйымдастыру арқылы қазақ­тың ұлы ойшылы Абайдың мұрасын наси­хаттауға, дарынды жас ғалымдарды анықтауға және қолдауға, олардың жұмы­сын насихаттауға көмек көр­сетеміз» деді Н.Назарбаев Қорының атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан.
Студенттер арасында байқау жеңім­пазы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ІІ курс студенті Әзімбек Қойлыбай болса, екінші орын Еуразия гуманитарлық институтының IV курс студенті Атабай Қуанышов пен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ІІ курс студенті Ғазизов Нұрайға бұйырды. Ал үшінші орынға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің IV курс студенті ­Назгүл ­Айсенова, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ІІІ курс студенті Гүлсімай Сайрамбек, ­Назарбаев Университетінің ІІ курс студенті Мөлдір Бижанова ие болды.
Магистранттар арасында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік техноло­гия­лар және инжиниринг университетінің І курс ­магистранты ­Мұстафа Шохаев жеңімпаз атанды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ІІ курс магистранты Абай Мырзағали мен Құр­манғазы атындағы Қазақ ұлт­тық консерваториясының ІІ курс ­ма­­гистранты Шерхан Мұхамбетжанов екінші орынға, «Тұран-Астана» уни­верси­тетінің І курс магистранты Қалиакбар Үсемханға, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ІІ курс магистранты Ақбота Қажыбекова мен І курс магистранты Зейнегүл Жұмабекова үшін­ші орынға ие болды.

И.СӘТІМ

1469 рет

көрсетілді

21

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы