• Білім және ғылым
  • 10 Қазан, 2020

Заман талабына сай

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты 1 қыркүйектен бастап оқу жылы жалпы қашықтан оқыту форматында басталды. Қашықтан оқуға дайындық деңгейін анықтап, оны шешу жолдарын қарастыру ең маңызды мәселе ­болды. Мектеп тарапынан қашықтан оқытуға техникалық жабдықтары қажет білім алушыларға уақытша қолдануға дербес компьютер, ноутбукпен қамтамасыз етілді.

Мектебімізде ата-аналардың өтінішімен бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сынып ашылды. Мектепте санитарлық қауіпсіздік шаралары ­барынша күшейтілген. Санитарлық нормалар бойынша әрекеттер алгоритмі ­дайындалды. Әлеуметтік ара қашықтықты сақтау үшін кезекші сынып екі ауысыммен оқытылады. Кезекші сыныптарға арналған сабақ кестесі, сабақ арасындағы үзіліс ұйымдастырылған. Әр сынып тек бір кабинетте оқиды, жеке демалыс аймағы бар. Мектепке кіре берісте медбике балалар мен педагогтердің дене қызуын күнделікті өлшейді.
Бекітілген кестеге сәйкес сынып кабинеттерінде, дәліздерде, реакреация­ларда ауаны тазарту, кварцтау, ауысым арасындағы ылғалды жинау жұмыстары жүргізіледі. Оқушылар мен мұғалімдер, басқа да мектеп қызметкерлері үшін қатаң түрде маскалық режим сақталған. 5-11 сыныптар үшін қашықтықтан оқыту қазақ тіліндегі «Balapan» арнасындағы телесабақтарды тыңдау және «Күнделік» электрондық журналы,тиімді ­Bilimland.kz, Online, daryn.online.kz, Youtube.com және ZOOM тәрізді интернет-платформаларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. «Білім күні», «Ертіс адалдық алаңы» жобасы, «Денсаулық фестивалі – 2020» акциясы, Отбасы күні аясында барлық сыныптармен қашықтан тәрбиелік мәнді іс-шаралар ұйымдастырылды. Ғылыми білім бағытында 1-7 сыныпқа арналған «Зерде» және 8-11 сынып үшін ғылыми жобалар сайысына, «Ертіс дарыны» сырттай оқу мектебіне, пән олимпиадасына қатысуға оқушылармен дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Айнұр Сәрсенова,
№2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің директоры
Павлодар облысы

749 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы