- Қоғам
- 15 Қазан, 2020
Әр адамға қамқорлық маңызды
Заир Юлдашев, Жамбыл облысы бойынша
«Азаматтық Альянс» қауымдастығы заңды
тұлғалар бірлестігінің төрағасы
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған Жолдауында елдің даму стратегиясына жан-жақты әрі толыққанды тоқталды.
Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға, өнеркәсіпті, ауылшаруашылығын, шағын және орта бизнесті, қаржы секторын, денсаулық сақтау жүйесін дамыту арқылы аймақтардың өндірістік әлеуетін көтеруге бағытталған реформалар туралы жариялады. Мұның барлығы, басты мақсатқа – еліміздің өркендеуіне және қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатының жақсаруына қызмет етуі тиіс екеніне баса назар аударды.
Мен үшін Жолдаудың ұтымды тұсы – бұған дейін айтылып келе жатқан сыбайлас жемқорлықты жеңу немесе әл-ауқатты жақсарту секілді міндеттер емес, мемлекеттік билікке жаңа көзқарас. Мұнда «мемлекеттік қызметтің тапсырыс берушісі кім?» деген нақты сауал тұр. Жолдауда мемлекеттік қызметтің тапсырыс берушісі – адамдар екені анық жазылған, яғни олар мемлекеттік қызметтің тұтынушылары. Енді қараңыз, мемлекет халық үшін бе, әлде халық мемлекет үшін бе? Мәселе осы жерден басталатынын бәрі түсінуі керек.
Меніңше, Президенттің Жолдауында осы сауалға толық жауап берілген. Бүкіл әлем зардабын шеккен пандемиядан кейін бұрынғы жайсаң өмір қалпына келмесі анық. Сондықтан қорқынышқа бой алдырмай, мемлекеттік құрылымдармен бірлесе отырып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, жұмыла жұмыс істеуіміз керек.
Нақты адамға қамқорлық туралы Президент орынды айтты. Бұл құқық қорғау органдарын реформалауға, тәрбиеге, адам құқығын, балаларды қорғауға демографиялық проблемаларға, экологияға қатысты. Меніңше, көптеген қазақстандықтар өздерінің әлсіз тұстарын таба отырып, одан әрі қалай қарай жылжу керектігін түсінеді деп ойлаймын. Ендігі маңыздысы, алға қойған міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыру.
516 рет
көрсетілді0
пікір