• Ақпарат
  • 29 Қазан, 2020

Еңбектері еленді

Биыл ұлт газеті – «Ана тілі» басылымына 30 жыл толып отыр. Газет ұжымы осы уақыт ішінде ұлттың жаны мен ары ­саналатын қазақ тілін насихаттауда, жалпы руханият мәселелерін көтеруде бар мүмкіндікті пайдаланып қызмет етіп келеді. Бір қуаныштысы, ел алдындағы қажырлы еңбек елеусіз қалып жатқан жоқ. Бұған куә таяуда ғана басылымның бір топ қызметкерінің жоғары марапатқа ие болғандығы. Марапатты жауапты орындар атынан «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Шәмшидин ­Паттеев табыс етті.
Пандемия кезіндегі атқарған қызметтері ескеріліп, газеттің Бас редакторының орынбасары Қарагөз Сімәділ мен ­компьютер маманы Жұмағазы Кенжалин Президент жарлығы ­бойынша кеуделеріне «Халық алғысы» медалін тақты. Әлеуметтік мәселелер және ақпарат бөлімінің редакторы Бағдагүл Балаубаева мен Тіл мәселелері және этнография бөлімінің редакторы Нұрболат Сұлтанғазиев «ҚР Ақпарат саласының үздігі» атанды. Газеттің безендірушісі Нұржан Асанов, фототілші Азамат Құсайынов, қабылдау бөлімінің хатшысы Назгүл Бейсембаева ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Құрмет грамотасымен ­марапатталды.

Марапат құтты болсын, әріптестер!

479 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала "Қазақ әдебиеті" оқулығының сапасы туралы

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ANA TILI №48

26 Қараша, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жанарбек Әшімжан

Бас редактор