• Қоғам
  • 19 Қараша, 2020

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫСТЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматы қаласының өңірлік Азаматтық форумының ашылуында сөз сөйледі. Министр мемлекеттің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылының жаңа тәсілдері туралы айтты.

Азаматтық форумның пленарлық бөліміне Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы ­Рахман Алшанов, «Алматы қаласының Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Зәуреш Өмірбаева, ҮЕҰ өкілдері қатысты.
«Кез келген мемлекет әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде сенімді серіктестікті талап етеді. Бұл тұрғыда қоғамның түрлі салаларының проб­лемаларын білетін ҮЕҰ-ға үлкен сенім артылады. Сондықтан ҮЕҰ белсенділігі біз үшін әрқашан маңызды» деп атап өтті министр Аида Балаева.
Оның айтуынша, мемлекеттік органдардың ҮЕҰ-мен жобалық өзара іс-қимыл мәселесі қайта қаралуда. Іске асырылған бірлескен жобалардың сапалық көрсеткіші сандық көрсет­кіштен басым болады. Бұл үшін мем­лекеттің 10 жылға арналған әлеуметтік бағ­дарланған стратегиясын әзірлеу және бекіту туралы мәселе бастама болды, оның іргетасы адам мен оның қажеттіліктері болады.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі үкіметтік емес ұйымдарды кәсібилендірудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
«Қазіргі уақытта ҮЕҰ-ды кәсі­билендіру бойынша жұмыстар жүр­гі­зілуде. Атап айтқанда, «ҮЕҰ Акаде­миясы» жобасы іске асырылуда, оның ба­засында азаматтық сектор көш­бас­шылары даярланып, қоғамдық бір­лестіктердің кәсіби дағдылары дамитын болады. Бұл Қазақстандағы ҮЕҰ басшылары үшін қажетті құқықтық және басқарушылық білімнің алғашқы жүйелендірілген курсы» деп хабарлады А.Балаева.
Елімізде азаматтық секторды одан әрі дамыту үшін министрлік серти­фикатталған сарапшылар институтын құру және ҮЕҰ гранттық жобаларының бюджетін жоспарлау форматын өзгерту бойынша жұмыс жүргізуде.
Естеріңізге сала кетейік, «Қоғам және мемлекет: «Birgemiz» серіктестігі мен дамуының 30 жылы» атты өңірлік азаматтық форумдар 2020 жылғы 23-27 қарашада өтетін Қазақстанның IX Азаматтық форумы қарсаңында өткізіледі.

Смайыл Базарбай

99 рет

көрсетілді

1

пікір
Алдыңғы мақала КӨГІЛДІР ТАУЛАР
Келесі мақала Жұмыспен қамту және онлайн қызмет

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Стремись не к тому, чтобы добиться успеха, а к тому, чтобы твоя жизнь имела смысл. http://bit.do/fLc9r?h=6cb84c144fd3a517d1fb19746956d378&

19 Қараша, 2020

Стремись не к тому, чтобы добиться успеха, а к тому, чтобы твоя жизнь имела смысл. http://bit.do/fLc9r?h=6cb84c144fd3a517d1fb19746956d378&

ANA TILI №48

26 Қараша, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жанарбек Әшімжан

Бас редактор