• Руханият
  • 19 Қараша, 2020

Батыр ескерткіші ашылды

Ресей Федерациясының Ленинград облысының Кировск қаласында Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовтің ескерткіші қалпына келтіруден кейін қайта ашылды.

Батыр атымен аталатын жергілікті гимназия ғимаратының жанындағы ескерткіш 2001 жылы орнатылған еді, алайда содан бері қалпына келтіруді қажет етіп тұрған болатын. «Ата-Мекен» қазақ ұлттық мәдени қоғамының қатысуымен және Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі Бас консулдығының көмегімен абаттандыру және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Ескерткішті қалпына келтіру үшін Қостанай облысының әкімдігінің қолдауымен 1 млн рубль көлемінде қаржы бөлінді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Ресей­дегі елшісі Ермек Көшербаев ескерткіштің ашылуын Сұлтан Баймағамбетовтің 100 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 75 жылды­ғының символы деп атады. Ол Ленинград облысының және Кировск қаласының басшылығына, гимназия мұғалімдері мен оқушы­ларына ризашылығын білдірді. Оның пікірінше, бұл екі елдің халықтары арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара түсіністік үшін негіз болатын ортақ мұрағат.
Ленинград облысының губернаторы Александр ­Дрозденко Сұлтан Баймағамбетовтің ерлігі Ленинград үшін болған қаһармандық шайқастың тарихына – 1941 жылдың маусым айынан 1944 жылдың тамызына дейін болған Екінші дүниежүзілік соғыстың ең қиын және ұзақ шайқасына енгенін баса айтты. «Мұнда соғысқан және қаза тапқан сарбаздар өздерін ұлтқа бөлген жоқ, олардың бәрі туған жеріне қарамастан ортақ Отанын қорғады» деді аймақ басшысы. Еске сала кетейік Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетов 1943 жылы 25 шілде күні болған шайқаста жау дзотын кеудесімен жауып, ерлікпен қаза тапқан болатын. 1944 жылы КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының шешімімен Баймағамбетовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ол ­Ленинград облысы Синявино ауылындағы соғыс мемориалындағы бауырластар қабіріне жерленген.
Ескерткіштің қайта ашылуына орай арнайы барған жұмыс сапары барысында елші Ермек Көшербаев «Петербург трактор зауыты» АҚ-да кәсіпорын директоры Сергей Серебряковпен кездесті, Кездесу барысында қос тарап Қостанай трактор зауыты базасында энергия өндіруге бай «Кировец» тракторларын құрастыру ­туралы келісімді жүзеге асыру және қазақстандық тракторлардың көрші ­елдерге экспорттау мәселесін талқылады.

Н.БАТЫР

236 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала МҰСТАФАНЫҢ ТҮРКІСТАНЫ
Келесі мақала Мүмкіндік кеңістігі

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ANA TILI №48

26 Қараша, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жанарбек Әшімжан

Бас редактор