• Руханият
  • 19 Қараша, 2020

Мүмкіндік кеңістігі

«Рухани жаңғыру» – еліміздегі білім берудің басты бағытының бірі, оның ішінде жоғары мектеп үшін айрықша мүмкіндік кеңістігіне айналып келеді. Бұл маңыз­ды құжат жоғары мектептің тәрбие және идеологиялық жұмыстарын жүйе­леуге мүмкіндік ашады. Сондықтан да бағдарламаны жүзеге асыру аясында жоба­ның әдістерін оқу-тәрбие үрдістеріне кеңінен енгізу мәселесі көп көтеріліп жүр.

Сөзден iске көшу маңызды. Ал аса маңызды міндеттердің бірі – білім алушылардың әлеуметтік құзіретін қалыптастыру. Қазіргі таңда елімізде дүниежүзіндегі үздік 100 жаңа оқулықты қазақ тіліне аудару жұмыстары аяқталуға жақындады. Ол кітаптарды парақтай оты­рып, кең шалқар дүниенің жаңа тыныс-тіршілігін сезінеміз. Бұл осы ­«рухани жаңғыру» бағдарламасының басты бағыттарының бірі болды деп санаймыз.
Екіншіден, Абай философия­сындағы танымдық-ағартушылық ойлардың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көтерілген мәселелермен үндесіп жатқанын да байқап жүрміз. Абай философиясы ескірмейтін, замана сұраныстарына лайықты жауап табуға болатын жауһарлар қатарында. Сондықтан гуманитарлық саладағы білім және тәрбие беру ісінде Абайдай ойшылдарымыздың еңбектері де тағдырлық маңызы зор осы ұлы іске септігін тигізері анық.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы, шын мәнінде қоғамдық сананы өзгерту бағытындағы инновациялық серпіліс. Кез келген жаңалықтың ғылымилығы оның методологиялық дайындығымен ерекшеленеді. Сондықтан бүгінгі жоғары мектептің, гуманитарлық ғылымдардың алдыңдағы маңызды міндет – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының методологиясын негіздеу. Методология­ны «теориялық және тәжірибелік күр­делі міндеттерді жүзеге асыру мен қолданудағы дүниетанымдық қағидаларының жиынтығы» деп кең мағынада түсінуіміз керек.
Бүгінгі әлемдік бәсекелестік заманында сергектік пен серпіліс керек. Тұңғыш Президентіміздің тың идеялары жаңа нәтижелі көкжиектерге бастайтын серпіліс. Жоғары оқу орындары қоғамдағы қоғамдық сананы жаңғыртудың қозғаушы күші болуға тиіс.
Негізгі мақсат – түсіндіруден әрекетке көшу.

С.Мирзақанова

2079 рет

көрсетілді

77

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы