• Қоғам
  • 26 Қараша, 2020

САҚТАНСАҢ – САҚТАЙДЫ

«Алматы» телеарнасының Akimat Live бағдарламасындағы тікелей эфир барысында мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлерді ынтымақтастық танытуға және карантиндік шектеулерді қатаң сақтауға шақырды.
Қала тұрғындарының сұрақта­рына жауап бере отырып, Б.Сағын­таев 32 мониторингтік топтың белгі­ленген шектеулердің сақталуын қада­ғалайтындарын еске салды. 8 қазаннан 17 қараша аралығында 444 рейд жүргізіліп, оның барысында 3,6 мыңға жуық нысан тексерілді. Тексеру барысында 828 нысанда (22,5%) ­пандемия талабын бұзушылықтар анықталды. 90 заңды тұлғаға 28,7 млн теңге көлемінде 453 әкімшілік айыппұл салынды. Бетперде режимін бұзған жеке тұлғаларға 15,5 миллион теңге айыппұл салынып, 374 әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылды.

– Алда күрделі кезең тұр, ауру өрши түсетін болады. Вакцина пайда болғанша біз санитарлық-эпи­де­миологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға тиіспіз, – деп атап өтті Б.Сағынтаев.
Мегаполис әкімі ойын-сауық және қоғамдық тамақтандыру салаларында жұмыс істейтін ШОБ өкілдерін осынау күрделі кезеңде ынтымақтастық танытуға бір қадам жасауға шақырды.
– Егер біз бірімізге-біріміз көмек­теспесек, санитарлық талаптарды сақтамасақ, коронавирус инфекция­сын жұқтырғандар саны артатын болады. Сондықтан алматылық ын­­тымақтастықты танытып, карантинге қатысты белгіленген жұмыс кестесін сақтау қажет, – деп атап өтті Б.Сағынтаев.
Алматыда қазан айының басында КВИ ауруының өскені байқалды. Ағымдағы жылдың 18 қарашадағы ахуа­лы бойынша қалада коронавирустық инфекцияның 15 325 оқиғасы тіркелді. Оның 9 251-і симптомды, 6074-і ­симптомсыз. Анықталмаған пневмония – 1099 оқиға. 100 адамға шаққандағы көрсеткіш – 767, 58. Тәулік ішінде КВИ-дің 35 оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 22 оқиға симптомды, 13 симптомсыз, анықталмаған пневмония­ның 4 оқиғасы тіркелді. Тәуліктік өсім – 0,2%, репродуктивті саны – 1,15.
Аурудың қабылданған көрсет­кіштері бойынша бүгінгі күні Алматы «жасыл» және «сары» аймақтар арасында тұр. Қыркүйек айында КВИ ауруының 165 жағдайға дейін максималды төмендеуі (100 мың тұрғынға шаққанда 8,3) тіркелген еді. Ал қазан айында КВИ ауруы біртіндеп өсіп, 365 оқиғаға жетті. Алматыда ағымдағы жылдың 1 қазанынан 16 қарашасы аралығында КВИ-дің 900 оқиғасы және пневмонияның 189 оқиғасы тіркелді.
Алматы әкімі Б.Сағынтаев нау­қастардың 30%-ға жуығының аға буын өкілдері екендігіне алаңдаушылық білдірді. Атап айтқанда, КВИ жұқ­тыр­ған науқастар арасында 40-59 жастағылар – 28 (32%) адам, 60 жас пен одан жоғары жастағылар – 240 (27%) адам.
Осыған орай Б.Сағынтаев қала тұр­­ғын­дарын егде жастағы жақын­да­рына жанашырлық танытуға шақырды:
– Жастар санитарлық-эпидемио­логиялық қауіпсіздік шараларын сақтамай, адамдар көп шоғырланған жерлерге барып, вирусты үйге әке­леді, ата-аналары мен туыстарына жұқтырады. Сондықтан мен барлы­ғының қырағылық пен сақтық танытуларын сұраймын, – деп атап өтті Б.Сағынтаев.
Эпидемиологиялық зерттеулер нәтижесінде 1 қазан мен 16 қараша аралығында КВИ инфекциясының жұқтыру оқиғасының 53%-ы қоғамдық орындарда болғандығы анықталды. Олар: сауда және ойын-сауық орта­лықтары, дүкендер, базарлар және қоғамдық көліктер. Үйдегі науқаспен, симптомсыз жұқтырушы, жастармен байланыста болғандардың ­23%-ы КВИ инфекциясын жұқтырған. Жұмыста КВИ науқасымен байланыс­та болғандардың 17%-ы инфекция жұқтырған. 4%-КВИ-ді шетелден әкелгендер...
Б.Сағынтаевтың айтуынша, Алматы қаласының тұрғындары мен қала қонақтары санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаулары тиіс.
Б.Сағынтаев КВИ пан­демиясының ықтимал екінші толқынына дайындық туралы айта келіп, Алматыда ковидтік госпитальдерде резервтік орындардың құрылғанын еске салды. Қуат­тылығы 7226 төсек-орын болатын 32 ковидтік стационар әзірленді, оның 250-і жансақтау орындары.
Соңғы айлар ішінде екі жаңа емхана салынды – 500 төсек-орынды инфекциялық госпиталь және 300 төсек-орынды жаңа модульді ­стационар.
74 емханада 298 мобильді бригада жұмыс істейді. Телемедицина орта­лығы құрылды. Қауіпті топ­тағы науқастармен телемедицина орталы­ғы­ның жетекші мамандары жұмыс істейді.
Фармпрепараттар және меди­циналық заттарының 10 млрд теңгені құрайтын тұрақтандыру қоры жұмыс істеуде. Тұрақтандыру қорның аясында 2021 жылдың ақпанына дейін қажетті 68 атаулы дәрі-дәрмек қоры жасалған.
Алматы әкімі Б.Сағынтаев КВИ ахуалының нашарлауына қаланың дайын екенін, бірақ азаматтардың өздері жеке жауапкершілік танытып, белгіленген карантиндік ережелерді сақтаулары тиіс екенін атап өтті.

Алматы қалалық әкімшілігі
баспасөз орталығының мәліметі
бойынша әзірлеген
Н.Сұлтанғазиев

1314 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы