- Мәдениет
- 27 Қараша, 2020
Құрманғазы оркестрі 87-ші концерттік маусымын ашты
2020 жылдың 27 қараша күні Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің 87-ші концерттік маусымы ашылды.
Құрманғазы оркестрі Академик Ахмет Жұбановтан, қазақтың тұңғыш кәсіби дирижері Шамғон Қажығалиевтен бастау алған, тарихы алтын әріптермен жазылған, Қазақстанның аспаптық музыкалық өнер тарихында бірегей әрі тұңғыш оркестр.
Елбасы – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев сөзімен айтсақ, бүгінгі Тәуелсіз мемлекетіміздің інжу-маржаны.
87-ші концерттік маусым аясында 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, Елбасымыздың еңбегін айшықтау мақсатында көрме ұйымдастырылды.
Концерттік бағдарламада қазақ музыкасының ұлылығын, ұлы даламыздың кеңдігін паш ететін сазды әуендермен қатар әлемдік классикалық шығармалар орындалды.
Іс-шарада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Батыржан Мықтыбаев, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары: Айдос Жабағин, Ажар Еркебулановалар өнер көрсетті. Оркестрдің бас дирижері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты – Абылай Тілепберген.
Өнер ұжымының келесі концерті 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 11 желтоқсанға жоспарланып отыр.
805 рет
көрсетілді0
пікір