• Білім және ғылым
  • 09 Желтоқсан, 2020

Үйде оқыту жұмыстары

Үйде оқыту – білім беру немесе оқыту формасы емес, білім алу қажеттілігі ерекше балаларға оқыту процесін ұйымдастыру. Білім алу қажеттілігі ерекше балаларды медициналық көрсеткіштерге ­байланысты білім мекемелерінде оқыту мүмкін болмаған жағдайда ата-ананың (немесе заңды өкілдердің) мүддесін ескере отырып, белгіленген тәртіпке сәйкес, үйден оқытады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ұсынылатын білім беру бағдарламасы аясында, психологиялық-медициналық-педагогтік консультация қорытындысының негізінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары баланы үйде оқытады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №223 бұйрығында үйде оқытуды ұйымдастыру қағидасы бекітілген.
2020-2021 оқу жылында ҚР білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатта үйде оқытуды тиімді және ­сапалы ұйымдастыру үшін: 1) мектептің ішкі актілерімен оқу процесін сүйемелдеу: үйде оқытудың жеке жұмыс оқу жоспары; жеке жұмыс оқу бағдарламалары; жеке оқыту кестесі; жеке оқу үлгерімі журналы; 2) мұғалімнің, психологтің, мектеп директорының орынбасарының функцияларын нақты анықтау; 3) мектеп директорының орынбасары жанында айына 1 рет үйде оқитын оқушылардың оқу жетістіктерін тыңдау және қол жеткізілген нәтижелер мен жіберілген олқылықтарды ескере отырып, олардың жеке оқыту бағдарламасын түзету; 4) үйде оқитын оқушылардың мектептің білім беру ресурстарына: кітапханаларға, мерзімді басылымдарға, оқу құрал-жабдықтарына, ЦБР-ге қол жеткізуін қамтамасыз ету; 5) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық тех­нологиялардың (АКТ) мүмкіндігін пайдалану ­керек.
Үйде оқытуды ұйымдастыру жөніндегі қосымша ақпаратты «Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары бойынша балаларды үйде оқыту жөніндегі әдістемелік ұсынымдардан» табуға ­болады. Үйде оқитын бала өзін сынып және мектеп ұжымының бір бөлігі ретінде сезінуі үшін баланы үйірме жұмыстарына және мектептің басқа да тәрбие іс-шараларына тарту да қажет болады.

Нағима Қасымова,
Жаңатұрмыс орта
мектебінің директоры
Алматы облысы
Қарасай ауданы

6663 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы