• Руханият
  • 24 Желтоқсан, 2020

Абай дүниетанымы

Қолыма Ислам Жеменей ағамыздың «Абай Құнанбайұлының шығармасындағы түркі-парсы ақындары» атты кітабы түсті. Кітапты зер сала оқыдым. Бұл кітап туралы ойымды жазбас бұрын, Мекемтас Мырзахметұлының пікірін келтіре кетсем деймін:

«Абай дүниетанымын танып, ғылыми негізде ұғына алмай келеміз. Абай дүниетанымының сырын бізге философтар, психологтар, мораль философия­сымен айналысатын ғалымдар ғылыми тұрғыдан бір ізге түсіре алмай келеді. Оның белгілі бір себебі бар. Өйткені біздегі қоғамдық ғылым өкілдері еуропалық, кеңестік дәуірдегі материалистік (затшыл­­дық) дүниетанымының моделі (қалпы) негізінде қалыптасты. Олар Абай дүние­танымын таза осы затшыл­дық философиясының моделіне салып қарастыруы себепті, Абай дүние­таны­мының болмысына дендей алмай келеді».
Осы тұрғыдан алғанда кітаптың ­авторы Ислам Жеменейдің кітапты жазудағы үш артықшылығы бар.
Бірінші, шетелде туып, кеңестік дәуірдің саясатымен уланбауы.
Екінші артықшылығы, араб, парсы және түрік тілдерін жетік білуі,
Үшіншісі, Абай ұстанған, Абай дәріп­теген Ислам дінінің қайнар бұлағымен сусындауы.
Енді кітап туралы жеке пікірімді айтайын.
Кітапта Абай атамыз пір тұтқан, жыр жазуда еліктеген Шығыс ақындары ­Физули, Шәмси, Сайқали, Науаи, Сағди, Фирдоуси, Қожа Хафиз, Жалал Дауани сияқты шығыс шайырла­ры­ның өмірі мен шығармалары ­жайлы мағлұматтар берілген. Осы ұс­таз­дарымен тығыз байланыстырған нәрсе Аллаға ­деген махаббат сияқты. Ұстаздарының қай-қайсысының өміріне қарасаңыз, тәңірге ынтық, Аллаға деген махаббаты анық көрінеді. Абай атамыз да Алланы терең тануға, оны шынайы сүюге шақырады. Осы жолда мал түгіл, басты байла дейді.
Ислам Жеменейдің осы кітабы Абай дүниетанымын терең әрі дұрыс түсінуімізде алғашқы қайнар бұлағы іспетті.

Болат Самырбай

2410 рет

көрсетілді

146

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы