• Қоғам
  • 06 Қаңтар, 2021

Табиғатты сақтау – өзіңді сақтау

Экология – өмір, экология – болашақ. Оны қорғау, келеңсіз жағдайлардың ­алдын алу – өмір мен болашаққа жасалған қамқорлық. Сондықтан экология, қоршаған орта мәселесіне немқұрайды қарамау қашанда негізгі міндет, басым бағыт болуға тиіс.

 Қазақстанда 181 млн гектар жер болса, соның 81 млн гектар жері егін салуға жарамды. Мысалы:  Пәкістанда 11 млн егін салатын жер болса, соның 957 мың гектар жері құдық суымен суарылады, халқы 218 млн, жері біздікінен 3 есе аз. Тәубе, бізде су баршылық. Қазақ жері 500 млн халықты асырай алады. Ал бізде қазір небәрі 18 млн 785 мың халық бар. Бейжің қаласының халқына да жетпейді.

Балаға жастайынан жапон, корей халықтары секілді дене, ақыл, сұлулық тәрбиесін бойына сіңірсе дейміз. Біздегі әр 5-ші бала семіздікке ұшыраған. Қимыл – өмір қоймасы, еңкею, тер төгу, қысқасы, жерді жақсы көріп өсуге баулыған жөн. ­Бояулы, тыйым салынған сусын  мен семіздікке ұшырататын дәмнен бойды аулақ салған жөн.

«Теңіз жағасында тұрсаң да, ысырап жасама, суға үнем жаса» дейді. Судың да сұрауы бар.

Бір ғана мысал, «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасы 158 млн м3 су жинап, күз маусымы мен көктем маусымы аралығында аймақтың Жамбыл, Байзақ аудандары шаруашылықтарын сумен қамтамасыз етеді. Шілденің шыңылтыр күндерінде Билікөлге жыл бойы тынымсыз су құятын Аса өзеніне ­тамшы су жіберілмей қалады.

«Сағадағы су ішеді,

Аяқтағы у ішедінің» кері.

Өзен арнасындағы сан миллион жәндік өліп қалады. «Тимеңдерші құмырсқаға, іздегені өмір ғой» деген екен Әлішер Науаи. Жауапкершілік қайда?! Адам мен табиғат біте қайнасқан, бір-бірінсіз ғұмыр кеше алмайтын жаратылыс емес пе?! Алберт Эйнштейн: «Әлемдегі соңғы бал арасы өлген күні, адамзат баласы да жер бетіндегі  тіршілігін тоқтатады» деген екен. Табиғат тепе-теңдігінің сақталуын қадағалайтын ұйым, ­мекеме өз міндетіне неге жауапсыз қарайды?!

«Бурное Солар – 1» КЭС-і Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылының терістік жағынан  салынып бітті. Күн электр станциясы, 50 мегаватт энергия өндіреді. Пайдасы мен зияны бірдей. 8 шақырымдық радиуске (арада су жоқ ауылға) залал жасайды. КЭС-тің Оңтүстік жағында Нұрлыкент ауылында 7 мыңға жуық тұрғын бар ғой. Мамандар ғалымдармен кеңесіп, ол құрылғыны елсіз жерге салмай ма?!

Жоғарыда айтылған үлкен су қоймасы терістігінде мыңдаған гектарға созылған егіс алқабы бар, қазір «Гамбург» ЖШҚ иелік етеді. Қар ұстап, жерге ылғал сақтап, ауа тазартып, адам, аң-құсқа сусыз жерге пана боп тұрған әлденеше мыңдаған талды түбірімен қопарып тастады. «Қазақ даласының әр тасы – қағба, әр бұтасы  сәждем» деген сеніммен ғұмыр кешу ләзім.

Елімізде  87 қала, 160 ауылдық аудан, 6 ­жарым мың ауыл бар. Қаңырып бос қалған ауыл есебінен қала өсуде әрі қазақылануда. Алтын бесік ауылды иесіз қалдырмауымыз керек. Әр азамат бойында жапон, корей халқы секілді қатаң жауапкершілік болса деген ой мазалайды. Табиғатты сүю, оны аялау қажет. Адам жүрген жерін абаттандырса. Үй, аула, көше, жол, мекеме, кең дала, бәрі-бәрі тазалықты сүйеді. Темекі шегіп, тұқылын қалай болса солай кез келген жерге лақтыру, қорабын тастай салу, ішкен сусын ыдысын артынан ­жинап жүрмей домалата салу не деген надандық! Мұндай немкетті пендеге қатаң шара қолданылғаны дұрыс.

Адам баласы екі нәрсенің қадірін білмейді: мүмкіндік пен денсаулық. Ұзақ ғұмыр сүргіңіз келсе, спортпен жүйелі шұғылданып, салауатты өмір салтын сақтаған жөн. Он екі мүшеңіз сау болса, «кедеймін» деп айтпа. Жер – суға, адам – өмірге тоймайды. Ендеше, адам бірінші өзін тәртіпке шақырып, әр сәтіңді тиімді, ұтымды пайдалан.

Қазіргі жас буын – болашақтың азаматтары. Адамгершілік құндылықтарын сақтау, халқымыздың мәдени дәстүрлерін қадірлеу – жастардың қолында.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: ­ру­хани жаңғыру» бағдарламасына ­жауабымыз сол – сананы өзгерту, жерді түлету, ел мен жерді көгерту керек. Дәл қазір «қой үстіне боз­торғай жұмыртқалаған» заманда өмір кешіп отыр­ғанымызды білуіміз қажет.

 Найкен Қайыпбекова,

Ақсәуле Садықова,

Жамбыл политехникалық жоғары

колледжінің оқытушылары

2236 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы