• Ақпарат
  • 14 Қаңтар, 2021

«Жусан» операциясы: АҚШ-та біздің елдің тәжірибесі талқыланды

«Атлантикалық кеңес» атты беделді америкалық талдау орталығы Қазақстанның азаматтарды соғыс аймақтарынан қайтару және оларды қоғамға қайта ­интеграциялау тәжірибесін талқылауға арналған онлайн конференция өткізді.

 Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Мемлекеттік департаменттің Зорлық-зомбылық экстремизммен күрес жөніндегі үйлестірушісінің орынбасары Кристофер ­Харниш және АҚШ-тың жетекші сарапшылары қатысты.

Е.Ашықбаев вебинарға қатысушыларды соғыс аймақтарынан отандастарды қайтару бойынша жүргізілген операцияның барлық кезеңдерімен, сондай-ақ оларды бейбіт қоғамға қайта интеграциялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен қысқаша таныстырды. Қазақстандық дипломат «Жусан» операциясы бірінші кезекте радикалды идеологияның құрбаны болған әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған гуманитарлық миссия екенін атап өтті. Бұл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын, сондай-ақ Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың терроризмге қарсы күрес саласындағы маңызды халықаралық бастамаларын нақты іске асырудың жарқын мысалы.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілдері мен америкалық сарапшылар адамдарды соғыс аймақтарынан қайтару және қайта интеграциялау мәселесінде Қазақ­стан­ның әлемдік көшбасшылығын атап өтті. Олар қазақстандық тәжірибені «үлгі тұтатын» және осы өте күрделі проблеманы шешуге жауапты тәсілдің көрінісі деп мәлімдеді.

Сонымен қатар Қазақстан Үкіметінің ашықтығы, ынтымақтастыққа және диалог орнатуға дайындығы айрықша атап көрсетілді. Брифингке қатысушылар Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың терроризмге қарсы күш-жігеріне және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларын енгізуге айтарлықтай үлес қосып отырғанын атап өтті.

6849 рет

көрсетілді

30

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №10

14 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы