• Ақпарат
  • 14 Қаңтар, 2021

Алаш атын ардақтайық

Биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдық ұлы мерекесі тойланады. Қазақ халқы, ақын Жұбан Молдағалиев айтпақшы, «Мың өліп, мың тірілген» сан ғасырлық тарихында адамзат баласының басынан өткізіп келе жатқан қиындықтарды еңсере отырып, бүгінгі күні жарқын болашаққа қол созған 30 жылдық ­мерейтойын өткізбек. Басқа елдер 100 жылда еңсерген биіктерді экономикалық, мәдениет, руханият, өнеркәсіп саласында қысқа мерзімде бағындырып, жетістіктерге қол жеткізді. Бұл тарихи жетістікте Елбасының рөлі бар екенін әлем жұртшылығы мойындап отыр. Сонымен қатар қазақ халқының болмысына біткен төзімділік, қайсарлық, мақсат жолында жанкештілікпен жұмыла жұмыс істейтін мінезінің арқасында, Отан үшін отқа түскен ұлы перзенттерінің көмегімен қол жеткізді.
Осы мерейлі мерекені тойлауда тәуелсіздік жолында халқы үшін басын бәйгеге тігіп, жанын пида еткен ұлттың ұлы тұлғалары Алаштың ардақты азаматтарының атын атап, түсін түстеп, бейнелерін жас ұрпаққа таныта отырып, оларға мәңгілік ескерткіштер қою – бүгінгі ұрпақтың асыл парызы. Осы мақсатты көздеп Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Сарапхана елді мекенінде, Алматы – Термез күре жолының бойында орналасқан ұлттың ұлы тұлғалары, ­батыр бабалар мен дала даналарының, соғыс ардагерлерінің ескерткіштері орнатылған «Мәңгілік ел» саябағына Алаш ардақтыларының ескерткішін қою қолға алынып отыр. Олар: Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Жаһанша Досмұхамедов, Жүсіпбек Аймауытов, Әлімхан Ермеков бейнелері. Ескерткіштің оң және сол жақ бөлігіне, биік тақтаға көрнекті Алаш қайраткерлерінің тізімі жазылады. Алаш қайраткерлерінің өз заманында халқының қамы үшін, жерінің тұтастығы үшін, түбі бір түркі әлемінің басын біріктіру жолында идеялық іс-әрекетінен мағлұмат беретін жазбаша тақта қойылады.
Осы жұмысты орындауға қатысамын деген өнер қайраткерлері, мүсінші, архитектор және т.б. конкурс ­жариялаймыз.
Ардақтылардың асыл бейнелері тарихи құжатта көрсетілген суреттерімен салыстыра отырып қабылданады. Бұл жұмыс гранит таспен де, мыспен де, қоламен де орындалса, жоғары сападағы орындау шеберлігіне қарап қабылданады. Аталған ескерткіш жоба осы жылдың бірінші ақпанына дейін қонкурстық комиссияға тапсырылуы қерек. Ескерткіш 2021 жылдың маусым айында аталған саябаққа орнатылады. Ескерткіштің тұғырлық жобасы да жасалынып, ұсыныс енгізілуге тиіс. Конкурсқа қатысушылар түсініктеме, қосымша мәліметтер алу үшін, мына телефонға хабарласуға болады:

+7 775 405 04 11, +7 775 029 36 00.
Конкурс жариялаушы, көрсетілген жұмыстың орындалуын бақылаушы Халықаралық «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» қайырымдылық қоры.

123 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала «Жусан» операциясы: АҚШ-та біздің елдің тәжірибесі талқыланды
Келесі мақала ЖАНАРБЕК ӘШІМЖАН – МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ANA TILI №2

14 Қаңтар, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жанарбек Әшімжан

Бас редактор