• Мәдениет
  • 14 Қаңтар, 2021

Жырау музейі толықты

Мұрын жырау музейінің қоры құнды жәдігерлермен толықты. Мұралар «Жәдігерлер жерде қалмасын» атты акция барысында толығып отыр. Жәдігерлер арасында Мұрын ұстаның қолынан шыққан, кезінде жергілікті халық сордан тұз, таудан ағаш тасуға пайдаланған ат арбаның аяғы, шебердің жалғыз қызы Тұрлан әжеміздің қолынан шыққан жүз теру алаша, сандық, зерендер бар.

Айта кетейік, былтырғы жыл­дың желтоқсан айында Форт-Шевченкода пайдалануға беріліп, 183 экспонат қойылған музейдің ашылуына Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов арнайы барып қатысқан еді. Қазақстан Республикасының Ұлттық ­музей қорының бір бөлігі болып ­табылатын музейде жыраудың барлық шығармашылығы жинақталған. Сонымен қатар «Қырымның қырық батыры» жырын тұтастай жырлап өткен көрнекті суырып салма ақынның өмірі мен шығармашылығынан алынған бірегей экспонаттар қойылған. Мұражай Мұрын жыраудың өзі тұрған үйдің ­жанында тұрғызылған. Үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ол мұражайдың тағы бір көрнекті жері ретінде пайдаланылады.
Өңір басшысы Түпқараған ­ауданына барған сол ­сапарында жаңадан ашылған нысанның жұмысына сәттілік тілеген еді:
«Бұл музейдің тек маңғыс­тау­­лықтар емес, бүкіл рес­публикаға рухани асыл мұрамыз ұлы ­жыршы Мұрын жырау Сеңгірбекұлы­ның және осы жырау атымен ұлықталған «Қырымның қырық батыры» жырлар циклінің түркі мәдениеті тарихында алатын орны ерекше және құндылықтарымызды насихаттау болып саналады. Музей ұжымына өңір тарихының жанашыры болып, мәдениетіміздің ­дамуына жәдігерлер қорының толыға беруін тілеймін» деген ­болатын облыс әкімі.
Музей қоры бұдан әрі де толыға беретін болады.

Н.БАТЫР

1828 рет

көрсетілді

17

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы