• Білім және ғылым
  • 14 Қаңтар, 2021

Ұрпақ тәрбиесінің жаңа қыры

Мектепке дейін және мектеп жасындағы балаларды рухани-адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеу стратегиясының негіздері талқыланды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалық етуімен онлайн-форматта «Мeктeпкe дeйiн жәнe мeктeп жacындaғы бaлaлapды pухaни-aдaмгepшiлiк тұрғысынан тәpбиeлeу cтpaтeгияcын» талқылау бойынша отырыс өтті. Шара жас ұрпақтың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескеретін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа әдістемелерін жүзеге асыру барысын талқылады.

Отырысқа ел аймақтарының білім және тәрбие беру ­саласында қызмет етіп жүрген ұйымдардың басшылары, қоғам қайраткерлері, мұғалімдер, телеарналардың жетекшілері қатысты.
Министр Аида Балаева: «Жалпы бұл тақырып – көптен бері көкейде жүрген мәселелердің бірі. Өздеріңіз білесіздер, біздің Министрлік «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруды үйлестіруші орган. Сонымен қатар қоғамның жалпы жан-жақты дамуына қатысты ұйымдастыру жұмыстарын атқарады. Қоғамды дамыту дегеніміз не? Ол, ең бірінші, әрине – өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінен бастау алады. Бала тәрбиесі – қашанда қоғам үшін маңызды мәселе. Жасыратыны жоқ, бүгінгі күнгі балалардың тәрбиесіне, олардың ой қалыптастыруына әсер ететін сыртқы факторлар өте көп. Соның ішінде, әсіресе виртуалды әлемнің, бақылаудан тыс интернеттің ықпалы өте зор болып тұр. Сондықтан уақыт – ұрпақ тәрбиесіне жаңа қырынан қарауды талап етіп отыр. Қазір, өкінішке қарай, балалар арасында қатыгездікке бейімдік, суицид, толеранттықтың төмендігі сияқты түрлі келеңсіздіктер кездеседі» деді. Сонымен қатар ­министр бұл сұрақ кешенді зерттеуді қажет ететіндігін және қоғам үшін бала тәрбиесінде ата-анамен бірге балабақша, мектептің де жауапкершілігі өте үлкен екендігін атап өтті. «Сондықтан бұл жобаны біз Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп жүзеге асырамыз деген үміттеміз» деді Аида Балаева.
Іс-шараға қатысушыларды Стратегиямен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының орынбасары Әсем Қайдарова таныстырды. Ол, өз сөзінде, құжатта «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтарын оқушылардың терең ұғынуы мен мектеп бағдарламасы пәндерімен ұштастырудағы ұсынымдарға ерекше көңіл бөлінгендігін жеткізді.
Аталған құжат отансүйгіштік, өлкетанушылық пен кәсіби бағдар беру бағыттары бойынша әзірленген. Стратегия мeктeпкe дeйiнгі балаларды, бастауыш, ортаңғы және жоғары сыныптардың оқушыларын қамтиды.
Онлайн-шара барысында өздерінің пікірлерімен Өскемен қаласы №27 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Бек Мұқанов, Нұр-Сұлтан қаласы №66 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Толқын ­Бейсекова бөлісті. Сонымен қатар талқылауға «Balapan», «El Arna» телеарналарының басшылары Мақпал Жұмабай, Арман Сеитмамыт, «Ұлт тағдыры» ҚБ жетекшісі Дос Көшім, «Atamnyn amanaty» ҚБ жетекшісі Әлия Сағымбаева және басқалар қатысты.

Н.БАТЫР

2432 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы