• Cұхбаттар
  • 04 Ақпан, 2021

Жанболат ТӘШЕНОВ, «AIO корпорациясының» вице-президенті: ҮЛКЕН НАРЫҚҚА ШЫҚҚЫМЫЗ КЕЛЕДІ

Біз сөз еткелі отырған «AIO корпорациясының» құрылғанына көп уақыт болған жоқ. Бір жылдан сәл астам ғана мерзім. Бірақ соған қарамастан тындырған істері ауқымды. Пандемия уақытында қол қусырып отырмағандары байқалады. Өмірге пайдалы тың идеяларды ойластырып, оларды іс жүзіне асыра білген. 
Біз жақында осы компанияның даму жөніндегі вице-президенті Жанболат Тәшенұлы Тәшеновке жолығып, көкейіміздегі сауалдарымызды қойғанбыз. Осы шағын әңгіме оқырмандар назарына ұсынылып отыр.

– Корпорацияны құрудағы мақсат не болды?

– Қазір өмір басқаша дамуда. Ғалам­торсыз күн кеше алмайтын болдық. Техника, технология жаңарып, жаңғырып ­жатыр. Байланыс түрлерінің өсуі қарқынды. Бұл түсінікті де. Қазіргі таңда уақыт өте бағалы. Адамдар қай істің де жедел, тез бітуіне мүдделі. Өйткені заман ырғағы осылай әрекет етуді талап етуде. Уақытқа бағынбаса тағы болмайды.Қазір арқаны кеңге салып, алаңсыз жүретін ке­зең емес. Оның үстіне бәсекелестік ­за­маны. Өзгелерге, әсіресе әріптестерге есе жі­бер­мейтін уақыт. ­Осыны түсініп біз іскер азамат, бүгінгі өмірдің жай-жапсарына жете қанық, басшымыз Нарымбек Рымғали­ұлы Аринфендиннің жанына бір топ жігіттер жиналдық. «Өзгелердің жаса­ға­нын бізде жасайық. Қайта артық етіп істейік» деген ой ортаға тасталды. Идея авторы – ­Нарымбек Рымғалиұлы. Неден, нені бастау керек? Қазір IТ технологияның қарыш­тап дамып отырған заманы. Өйткені мұның болашағы өте зор. Осы салаға көңіл ауды.

«Тәуекел» деп қолға алдық. Қашанда көз қорқақ, қол батыр. Дұрыс істеппіз. Бір жылдың өзінде тәп-тәуір көрсеткіштерге қол жеткіздік.

– Корпорацияның аты AIO деп аталады екен. Бұл не мағына береді?

– Үш сөздің жиынтығы ғой – All in one. «Барлығы бір жерде» дегенді ұқтырады. Адамға қажет қызмет түрлері бір жерде топтастырылғанын білдіреді.

– Сонда сіздер инновациялық мобильді қосымшалардың шығарушысы болдыңыздар ғой...

– Дәл солай. Бұған қосатынымыз, тек Қазақстанға, өз елімізге қажет қосымшалар емес, халықаралық деңгейдегі деген мәртебеміз бар.

– Енді шығарған өнімдеріңізге тоқ­талсақ...

– Әзірге бесеу. Олар SvistOK, AIO messenger, Microphone, SuperWork, MedApp. Барлық қосымшалар Dart, PHP, JavaScript компьютерлік бағдарламалау тілімен жазылған. Осылардың кейбіреу­лерінің қызметіне тоқталып өтейін. Microphone міндеті іс-шараларды ұйым­дастыруда көмек беру. Бұл түсінікті ­болар деп ­ойлаймын. ­Мекемеде ­немесе отбасыңда атап өтуге тиіс ­шаралар ­болатыны белгілі. Сондай кезде Microphone таптырмас көмекші. Жұмысқа орналасу үлкен мәселе екенін білеміз. Мұндай жағдайда  SuperWork қызметін пайдалана аласыз. Яғни жұмыс іздеуші мен жұмыс беруші тікелей қарым-қатынасқа шыға алады. SvistOK-қа келейік. Оның қызметіне сұрау салу, іздеу, қоңырау шалу кіреді. Бірнеше секундтың ішінде қажетті хабарламаларды тауып, жарнама берушілердің нөмірлерін жинақтайды. SvistOK-тың артықшылықтары не? Нақты клиентті табу, көпшілікке роботтандырылған ­дауысты хабарламаны жібере алады,15 ­секундта 10 000 клиентке қоңырау шала алады, яғни Call Centre қызметін атқарады. Қосымшадан шықпай сатушымен уатсап, телефон және электрондық пошта арқылы хабарласуға болады. Затты анықтап, оны ғаламтордан тауып алады. Сосын іздестірудің нәтижесін көрсетеді.

AIO messenger – ақылды chatbot функциясы бар ақысыз жоғары жылдамдықтағы хабарлама және қоңырау қызметі. Қаладағы 1 000 000 қолданушымен сөйлесу мүмкіндігін береді.Қолжетімді бағамен бейнеконференция алаңы бар барлық қосымшалармен байланысты мессенджер.

MedApp – медицинаға қатысты. Бола­шақта MedApp-ты медициналық орта­лықтар пайдаланатыны анық. Мәселен, кез келген елден қосымша арқылы білікті дәрігер тауып алып, мультаудар­машы арқылы онлайн кеңес алуға мүмкіндік бар.

– Мультаудармашыларға нақты тоқтала кетсеңіз?

– Жоғарыда аталғандай барлық мобильдік қосымшада мультаудармашылар бар. Әзірге жеті тілде. Мұның мәнісі мынада. Мысалы сіз қазақша Америкадағы ағылшын тілді азаматқа жазба жолдадыңыз дейік. Мультаудармашы сол мезетте қазақшаңызды ағылшыншаға аударады да, әлгінің ағылшынша жауабын сізге бірден қазақшалап жеткізеді. Біздің әлемнің 175 мемлекетінде авторлық құқымыз бар. Мультаудармашы келешекте сол елдердің тілімен жұмыс істейтін болады.

Корпорация қарамағында отыз кәсіби IT инженері барын айта кеткім келеді. Жуық арада олардың санын елу беске көбейтуді көздеп отырмыз. Өнімдерді әзірлеу ісімен төрт топ айналысады.

– Корпорация қызметін әлеуметтік бағыттағы бизнес деп айта аламыз ба?

– Өзіміздің де көздегеніміз осы. Жұртшылыққа әлеуметтік жағдай ­жасау ісіне тамшыдай болса да үлес қосу. Ең ­бастысы, отандық IT саласын халықаралық деңгейге көтеру. Дарынды мамандарға қолдау көрсету. Әлеуметтік нысандар, медициналық мекемелер, жағдайы төмен тұрғындарға баспана салу ісіне лайықты үлес қосу да ­басты мақсаттарымыздың бірі. Халықты жұмыспен қамту мәселесіде назарымызда. Қазіргі уақытта компанияда 50-ге жуық азамат қызмет жасайды. Жақын арада 300-ден – 500-ге дейін менеджерді ресми түрде жұмысқа алу жоспарда бар. 

Мәселен, үй шаруасындағы, декреттік демалыста отырған аналар, студенттер мен зейнеткерлердің өзі қосымшалардың агент мәртебесін алып, рефералдық сілтеме арқылы жақсы табыс таба алады.

Қазіргі уақытта барлық тұтынушылар мобильді қосымшалар мен әлеуметтік желілерді (медианы) пайдаланады. Бұл жер сіздің компанияңыздың танымалдылығын арттыруға, тұтынушылар базасын кеңейтуге және сәйкесінше қосымша пайда табуға болатын нарықтың орасан зор сегменті. Егер сіздің бизнесіңіз біздің мобильді қосымшалардың бағыттарына жататын болса, онда бұл сізге бәсекелестердің фонынан көрінуге, жаңа клиенттерді тартуға және Қазақстан аймақтарына, ТМД-ға және шет елдерге таралуға тамаша мүмкіндік болмақ. 

– Елімізде филиалдарыңыз бар шығар?

– Бас офисіміз Алматыда. Атырау, Ақтау қалаларында бөлімшелеріміз бар. Таяу уақытта Нұр-Сұлтан, Шымкент шаһарларында ашылады. Ары қарай ТМД елдерінде, Түркия, БАӘ, Еуропада жалғаспақ.

Филиалдарды ашқандағы мақсаттың бірі – көпшіліктің компанияның үлесін алып қалуларына мүмкіншіліктері бар. Даму үстіндегі құрылым. Бізде инвес­торлар  түскен пайдадан әр ай сайын үлестерін алып отырады. Компания ұлғайған сайын табысы да өсіп ­отыратыны белгілі. Алдымыздағы көктемге дейін корпорацияның жеті өнімін үлкен нарыққа шығармақшымыз.

– Қол жеткен жетістіктеріңіздің баға­лануы қалай?

– Өткен жылдың 1 қазанында ­Лондонда «Үздік-100. Жетістіктер-2020» форумы өтті. Бар құжаттарымызды, өнімдерімізді тапсырдық. Форумға 30 мемлекет қатысты. Нәтижесінде «Экономика және бизнес» аталымы бойынша үздік мекемелер мен ұйымдар тізіміне ендік. Тиісті медалін, кубогын берді. Тағы бір табысымыз – Оксфорд университеті үздік менеджмент бизнес және халықаралық сапа стандартына сай келетіндігі үшін компанияны Сапа сертификатымен марапаттады. Компания президенті «Жыл менеджері» атағына ие болды. Университет профессорлары біздің өнімдерге жоғары баға беріп, әлемде жоқ жоба деп таныды.

– Өз істеріңізге риза екендеріңіз бай­қа­лады. Соған қарағанда алда белгілеп отырған жоспарларыңыз да ауқымды сияқты...

– Оныңыз рас. Адам қолға алған ісінің нәтижесін көргеннен кейін тың-күш-қуат алып, алға ұмтылып отырады екен. Әлгінде  тілге тиек еткенім атқарылар жұ­мы­сымыздың жиырма-отыз пайызы ғана.

Компания корпорация жұмысын ­инвесторлар үшін де, пайдаланушылар үшін де, жарнама берушілер үшін де тартымды ететін қызметті жүзеге асырып келеді.Қазіргі таңда «AIO Corporation» ЖШС мобильді қосымшаларының кіріс үлесін сататыны туралы хабарлайды және нарық талап еткен инновацияларға инвестиция салуды ұсынады. Әлемдік ауқымдағы IT-жобаларға пайдалы инвес­тицияларды жасай отырып, сіз өзіңізді ұзақ мерзімді пассивті кірістермен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар белгілі бір сегменттердің өмір сүру сапасын жақсарту бойынша әлеуметтік маңызды бағдарламаларды жүзеге асыруға көмектесе аласыз. Қазіргі біздің бизнес серіктестер өз үлестерінен ай сайынғы дивидендтер алып отыр. Үлес сатып алу жүйесі заңгердің қатысуымен, келісім-шарт арқылы бекітіліп, салықтың барлық түрлері төленуде. 2020 жылдың өзінде корпорация мемлекетке 33.732.978 тг салық төледі. Алғашқы жұмыс жылы үшін мұның өзі үлкен көрсеткіш.

Нысана еткен ауқымды жоспарларымыз бар. Білек түріп, соған кірісеміз.

***

Аталған корпорация қызметкерлерінің берекелі істері көңілге қуаныш ұялатады. Олар өнімдерін тек өз елімізге ғана емес, шет елдер нарығына шығарғысы келеді. «Әлемде мұндай жоба  жоқ», «Әлемді «жауласақ» дегенді айтып қалды. Және өздері бұл сөздеріне сенімді. Біздікі тек: «Оң болсын!» деу. Сонау заманда Ресей империясының патшайымы Екатерина: «Қазақтар өздерінің кім екенін білсе, әлемді жаулап алады» депті деген бір сөз бар еді. Біздің қазіргі қазақтың білгір де алғыр жігіттері жаңа да соны технологиямен әлемді таңғалдырып жатса бұл ел үшін мерей емес пе?! Осы ниет іске асқай деп тілейік.

Әңгімелескен

Нұрперзент ДОМБАЙ

1591 рет

көрсетілді

9

пікір
Алдыңғы мақала Қайсар ТАБЫНОВ: ЕҢ АЛДЫМЕН ИММУНДЫҚ АХУАЛДЫ БІЛУ МАҢЫЗДЫ
Келесі мақала Болатбек Төлепберген, «Шалқар» радиосының директоры: ҚАЗАҚ ҮНІН ШАРТАРАПҚА ЖЕТКІЗДІК

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Айгерим

04 Ақпан, 2021

Керемет жаңалық!

Мұхаммед-Али

04 Ақпан, 2021

Өте керемет жоба!👍👍👍

Мұхаммед-Али

04 Ақпан, 2021

Өте керемет жоба!👍👍👍

Сера Мұратқызы

04 Ақпан, 2021

Армысыздар! Менің есімім Сера Мұратқызы . Өзім тиімді проектілерде үлескермін {инвестор}.Қәзіргі таңда Қазақстандық IT саласы бойынша әлемді жалт қаратып отырған AIO Corporation-да қызмет етудемін. Сайты. (www.aiocorp.kz )Сол үшін барлық компанияларға,халыққа қызмет саласын көтеруге болатын 15 секундта 10.000 клиент тауып ,телефон шалып беретін (роботтандырылған) мобилдік қосымшасы бар. Егер өз жұмысыңыз тез жүріп, клиенттеріңіздің көп болуын қаласаңыз қабарласыңыз!.☝🏿 тел: +77074200250 +77714414141

Мұхаммед-Али

04 Ақпан, 2021

www.aiocorp.kz

Адият

04 Ақпан, 2021

Оооооо тамаша

Роза

04 Ақпан, 2021

Іt-технология стартаптарын қолдаймын, оның ішінде өзіміздің азаматтарды қолдау парызым деп санаймын! Жаңа цифрлік экономика- қоғамға үлкен өзгеріс әкелетінін білемін! Алға!

Аксауле

05 Ақпан, 2021

Оте тамаша проект. Тек алга. Енбектериниздин жемисин кориниздер. Ден саулык тилеймин барлыктарынызга. Шаршамай большак ушин енбектенейик

Әділбек

05 Ақпан, 2021

Ассаламағалейкум, Керемет бастама екен, Қазакстанды алға жетелеу үшін осындай жоба немесе идеялар қажет, елімізді басқа мемлекеттің жобаларына тәүелді болмайтын жолы осы, өсіңдер өніңдер сәттілік.✊🏻 Қолдаймын.

ANA TILI №8

25 Ақпан, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қали Сәрсенбай

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы