- Мәдениет
- 04 Ақпан, 2021
БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ – АЙРЫҚША НАЗАРДА
Жақында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бір топ әдебиет өкілдерімен кездесті.
Министр жүздесуде өзі басшылық жасап отырған министрліктің қазіргі атқарып отырған жұмыстарына тоқтала келіп, бүгінгі қазақ әдебиетінің, ақын-жазушылардың жайын сөз етті.
«Әдебиеттің қоғамдағы орны үлкен. Сондықтан мемлекет бұл саланы ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Сол себепті сөз зергерлеріне қамқорлықтың бар мүмкіндігі қарастырылуда» деді министр.
Сала басшысы қазіргі таңда балалар әдебиетін дамытуға назардың ерекше екенін айтты. Бұл мәселе Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген мақаласында да көтерілгені белгілі. Мемлекет басшысы аталған мақаласында қазақ қаламгерлерінің үздік шығармаларына қоса, балаларға арналған шетел жазушыларының да таңдаулы туындыларын аударып, көптеп басып шығаруды және таратуды қолға алу керектігін тілге тиек еткен еді. Көңілге қуаныш ұялатқан жағдай, Мәдениет министрлігі бойынша биылғы жыл балалар әдебиетін қолдау жылы болып белгіленген.
А.Райымқұлова кездесу соңында ақын-жазушыларға «Мәдениет саласының үздігі» белгісі мен министрліктің Алғыс хатын тапсырды.
Кездесуге қатысушылар Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры сахналаған «Құлагер» қойылымын тамашалады.
Нұркен Жандәулетұлы
1987 рет
көрсетілді0
пікір