• Ақпарат
  • 03 Ақпан, 2021

Алматы іргесіндегі құнды жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы облысына қарасты Іле ауданында жергілікті билік пен халық арасында өткен есептік кездесуде тұрғындар тарапынан 71 ескерту мен ұсыныстар түсті. Карантин жағдайында бас қосулар онлайн өтіп жатса да  бұқара белсенді.

Іле Алматыдай мегаполиспен іргелес жатқан аудан. 26 ірі және орта кәсіпорыны 428, 0 млрд. теңгеге өнім өндіреді. Облыс бойынша аудан өнеркәсібінің үлесі 36,6% жетті.

«Былтырғы жылы 720 жаңа жұмыс орындары құрылып, 20 өнеркәсіп нысаны қолданысқа берілді, 14 кәсіпорын өз өндірістерін кеңейтті. Жоспарланған 15 өнеркәсіп нысандарының іске қосылуы (жылына 42,0 млн. инкубациялық жұмыртқа өндіретін «Наурыз Агро» ЖШС құс фабрикасының 1-кезеңі, «Мұқағали 50 Вт» күн электрстанциясы, «Нила фуд» кондитерлік цехы, «Никэм» пластикалық заттар шығаратын цехы, «База брюэри» алкогольдік заттар шығаратын кәсіпорын), 12 жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістерінің кеңейтілуі  және индустрияландыру картасы аясында іске қосылған кәсіпорындардың толық жобалық қуаттылығына шығуы арқылы 2021 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемін 430,0 млрд. теңгеге дейін жеткізіп, 730 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр», - деді халыққа есеп беру жиынында аудан басшысы Бағдат ҚАРАСАЕВ.

Ауданда өнеркәсіп өндірісінің 42,5%, яғни 182,1 млрд.теңге кіші және орта бизнес кәсіпорындарынан түседі екен. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 86,1 млрд. теңгеге жетіп, нақты индекс көлемі 102,1% құрады, ал 2021 жылы 93,5 млрд.теңгеге жеткізу жоспарлануда. Жалпы ауыл шаруашылығы  саласын қолдауға 3,5 млрд.теңге субсидия бөлініпті.

Іле ауданы былтырғы жылы әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштерде алдыға қойылған межелерді орындап, көптеген салада артық көрсеткіштерге қол жеткізді.

«Мал шаруашылығында 88,5 мың тонна ет өндірілді, 2021 жылы 96,0 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда. 56,9 мың тонна сүт сауылды, 2021 жылы бұл көрсеткішті 57,5 мың тоннаға жеткізу көзделуде. Сонымен қатар 126,5 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2021 жылы 102,5 млн. данаға жеткізу жоспарлануда. Жоспарланған жалпы ауыл шаруашылығы дақылдарының көрсеткіштері орындалды.87,5 мың. тонна дәнді дақылдар (100,8%), оның ішінде дәнді жүгері – 70,9 мың.тонна (100,6%), майлы дақылдар – 16,6 мың.тонна (95,1%), сонымен қатар, картоп – 39,2  мың.тонна (103,5%), көкөністер – 136,3 мың.тонна (103,7%), бақша дақылдары – 27,0 мың.тонна (102,2%) өндірілді»,- деді әкім өз сөзінде. 

Сондай-ақ, жергілікті әкімдік 2018-2020 жылдар аралығында 50 228 мың игерілмеген жерді анықтаған. Оның 10 340 гектары егістікке арналса,  39 888 гектары жайылымға арналған екен. Жалпы бос жатқан жердің 20 503 гектары мемлекет меншігіне қайтарылып, 23041, 4 гектар қайта пайдалануға берілген.

5401 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №10

14 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы