• Мәдениет
  • 08 Ақпан, 2021

«Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты мерекелік концерт өтеді

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық оркестрі 12 ақпан күні сағат 19:00де  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты мерекелік концертін өткізеді.

Тәуелсіздік жылдары Құрманғазы оркестрі ұжымы үшін жаңаша шығармашылық кезеңі болды.  Музыканттар құрамы толықтырылып, репертуар тың шығармамалармен байытылды.

Тәуелсіздік – ұлттың рухын көтеретін, ұрпақтың мерейін өсіретін мәртебелі мейрам.

Биыл ҚР Тәуелсіздік мерекесіне 30 жыл. Мерейлі мерекеге арнап Құрманғазы оркестрі 30 іс-шара жоспарлап отыр.

Соның бірі – «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты мерекелік концерт. Іс-шараға Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының солисті, Халықаралық конкурстардың лауреаты – Венера Алпысбаева және Нұрғалым Аманбай қатысады.

Концертте тәуелсіздік жылдары жазылған шығармалар кеңінен орындалады.

Оркестрдің бас дирижері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Абылай Тілепберген. Дирижер Мәдениет қайраткері – Жексен Айсын.

699 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ – АЙРЫҚША НАЗАРДА
Келесі мақала АЛАТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ «МҰЗТАУ»

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ANA TILI №8

25 Ақпан, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қали Сәрсенбай

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы