• Тіл
  • 11 Ақпан, 2021

ХАЛЫҚТЫ ҰЙЫСТЫРУ ҚҰРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласындағы тіл мәселесіне қатысты идеяларына орай, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Мемлекеттік тіл – халықты ұйыстыру құралы» тақырыбы бойынша алқалы онлайн отырыс өткізді.

Отырыстың мақсаты – Қазақ­стан Республикасы Үкіметінің жанын­дағы Ұлттық комиссия мақұлдаған жетілдірілген латын графикасындағы қазақ әліпбиі мен емле ережелерін қоғамда кеңінен насихаттау және жаһандану кезеңіндегі қазақ тілін дамыту мәселелерін талқылау.

Онлайн басқосуға Қазақстан Республикасы Парламенті қос Палатасының депутаттары, Ұлттық комиссия жанындағы Орфо­графи­калық жұмыс тобының мүше­лері, орталық және жергілікті атқа­рушы мемлекеттік органдарының тіл басқар­маларының басшылары, тіл оқыту өңірлік орталықтарының директорлары, ұлттық компания­лардың тіл бөлімдері басшылары мен мамандары, әлеуметтік лингвистика саласы ғалымдары және т.б. тіл мамандары мен жанашырлары қатысты.

Отырыс екі үлкен тақырыпты қозғады. Біріншісі – «Латын әліпбиіне көшу: ұлттық бірегейлік және тілдік реформа» деп аталады. Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба «Қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру мәселелері» атты баяндама жасаса, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры, белгілі ғалым Анар Фазылжан «Жетілдірілген әліпби жобасы мен емле ережелері ерекше­ліктері жөнінде» айтып берді. ҚР Пар­ламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы «Латын графи­ка­сындағы қазақ әліпбиіне көшу – тілдік реформаның бастауы» туралы сөз қозғады.

«Мемлекеттік тіл: мәселелер және мүмкіндіктер» атты тақы­рып онлайн отырыс­тың екінші маңызды мәселелерін талқылады. «Жаһандану кезеңінде мемлекеттік тілді дамытудың өзекті мәселелері» хақында Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба талдау жасады. ҚР Парламенті Мәжілі­сінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы «Мемлекеттік тілді көрнекі ақпараттарда қолдану­дың заңнамалық мәселелері» ­туралы ой тербесе, «Алматы» телеар­на­сының бас директоры Нұржан Мұхамеджанова «Көрнекі ақпарат­тардағы мемлекеттік тілді қолдану проблемаларын анықтау, тіл қолданысын жүйелеуге әсері» жайлы әңгіме өрістетті. «Тіл-Қазына» орталығы директорының орынбасары Айдос Абдыхалық «Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мәселелері. Азаматтардың қазақ тілін меңгеру талаптарын жүйелеу мәселесін» талқыға ұсынды.

Іс-шара соңында арнайы қарар қабылданып, мамандар алдағы уақытта да латын әліпбиіне байланысты өзекті мәселелер талқылана түсетінін айтты.

 

Қ.ЕСЕНТАЕВ

 

2508 рет

көрсетілді

5

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы