• Әдебиет
  • 18 Ақпан, 2021

«АРУАНАНЫҢ» ОРАЛУЫ

Белгілі ақын, Қазақстан Респуб­ликасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Маралтай Райымбекұлының «Аруана» кітабының тұсаукесері өзі қызмет істейтін Ұлттық кітап палатасы мекемесінде өткізілді.

 

Алғашқы сөзді Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов алып, ақынның жаңа туындысына ақ жол тілеп, Алтын Орданың 750 жылдығы қарсаңында шыққан елеулі шығарма екендігін атап өтті.

Әрі қарай кітап авторы сөз алды.

 «Мен бұл еңбекті жазу туралы ойға осыдан жиырма жыл бұрын келген едім. Ұлы Жібек жолының бойындағы Каир мен Бағдаттан бір кемдігі жоқ Сарайшықтың халі жаныма батып, сол жолда іздене бастадым. Қанша дүние таптық, материал жинадық. Бір кісі ­«Роман дайын, тек соны жазып шығу ғана қалды» деген екен. Сол сияқты біз де санада қорытқан еңбегімізді айналасы жиырма күннің ішінде қағазға түсірдік. Түсіре салып, бастырғанымыз жоқ. Ел ағаларына – айтулы жазушыларға, белгілі актерлерге көрсетіп, пікірін сұрадық.

Бұл шығарманың ішіндегі оқиғалар – ХІІІ ғасыр кейпі. Тарихи құжаттар арқылы сол заманға сапарладық. Өз ­замандасым, марқұм Әмірхан Балқыбекті, оның жары – Мархабатты кейіпкер етіп қостым. Осы еңбекке материал жинағанда қатты толғандым, тебірендім. Берке мен Бейбарыстың қарым-қатынасын, Бейбарысқа ұзатылған Беркенің қызы Қисса-диннің парасатын, данышпандығын көрдім, бәрін жаныммен, түйсігіммен сезіндім.

Кітаптың «Аруана» аталу себебі: Бейбарысқа ұзатылып кеткен Қисса-диннің жетегінде аппақ ботасы болыпты. Бейбарыстан Берке дейтін ұл туып, кейін Бейбарыс патшаны да, артынша таққа отырған оның ұлын да улап өлтіргеннен кейін елге қайтқан Қисса-дин, уағында өзі жетектеп кеткен ақ ботаны – аруананы жетелеп қайтыпты. Сарайшық топырағында өткен осынау ұлы оқиғалардың желісі тебірентпей қоймады» деді ақын.

469 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала АЛМА АҒАШЫ ГҮЛДЕГЕНДЕ
Келесі мақала QYR BALASY-НЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ANA TILI №8

25 Ақпан, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қали Сәрсенбай

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы