• Тұлға
  • 18 Ақпан, 2021

АЛТАЙДЫҢ СЫРШЫЛ ҚАЛАМГЕРІ

Жақында ҚР Ұлттық кітапханасында көрнекті жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлібек Асқаровтың 70 жасқа толған мерейтойына орай шығармашылық кездесу және «Әлібек Асқаров» атты библиографиялық көрсеткіштің тұсаукесері өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова ашып, Әлібек Асылбайұлын 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, Ұлттық кітапхананың 110 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен марапаттады.

Библиография қызметінің жетекшісі Майра Әбілова Әлібек Асқаровтың өмірі мен шығармашылығына арналған библиографиялық көрсеткішті таныстырды.

Сонымен қатар «Атамұра» баспасы қайта басып шығарған Ә.Асқаровтың «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді...» кітабының таныстырылымы өткізілді. Мұнан соң кітапхана директоры Б.Оспанова, бас­пагер, «Атамұра» корпорациясының президенті Рахымғали Құл-Мұхаммедті де Ұлттық кітапхананың кітап қорын толықтыруға, оқырманға кең таралуына, насихаттауға қосқан зор үлесі үшін ҚР Ұлттық кітапханасының 110 жылдығына арналған меретойлық медалімен марапаттады.

Кездесу барысында мерейтой иесіне арнап айтыскер ақын Талант Арғынғали «Арнау» әнін, Ұлттық кітапхана қызметкері Таңжарық Орманбеков терме орындады.

Жазушыға мерейтойына орай М.Әуезов атындағы сыйлықтың лауреаты К.Сегізбаев, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Б.Жақып, мемлекет және қоғам қайраткері  Т.Мамашев, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Б.Нұржекеұлы, ақын Ә.Қайырбеков жылы лебіздерін білдірді.

Шара қонақтары мен қатысушыларына ҚР Ұлттық кітапханасының  қорынан ұйымдастырылған Ә.Асқаровтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Алтайдың сырлы қаламгері» атты кітап көрмесі жан-жақты таныстырылды.

1660 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы