• Руханият
  • 18 Ақпан, 2021

«Эфирге шықпасам – тұншығам» дейтін

Ала таңнан қаралы хабар келді. Нұр-ағам көз жұмыпты. Өзі өмірін арнаған телевизиядан алшақтау қалған жылдары «Эфир, студия деген мен үшін ауа секілді ғой, жасымнан үйренгем, эфирге шықпасам – тұншығам» деп еді. Жасынан «Көкпарлатып», журналистиканың сан додасына түскен, ыстығы мен суығына «Бетпе-бет» келген ағамызды түсіндік, төмен қарадық. Содан «Жетісу» экранынан «Бай-қуатты болайықты» жарқ еткізді. Одан кейін ҰТА-дан «Нұр-Тілеу» шықты. Сырқаты қанша жерден меңдесе де «Ал, менде запись, кеттім» деп асығып жүретін. Бейсекең ­туралы «Сәуле-ғұмыр» түсірілгенде, ауруханадан шыққанына көп болмап еді, хабардың белортасына дейін қатысып: «Ал, енді маған рұқсат беріңдер, бауырларым, студияға қонақ шақырып қойып едім» деп ізет көрсетіп кетті. 
Жиі хабарласып: «Қалайсыңдар, азаматтар?» деп тұрушы еді. Біраз әңгімелескеннен кейін, «Сағынышым басылды, басқа шаруам жоқ, бай-қуатты болайық!» деп трубканы қоятын. Ініге ағасы іздегеннен артық қандай мәртебе керек? Он күндей бұрын өзі қоңырау шалды. «Ауруханадан шықтым, әуре болмасын деп сендерге айтпадым. Мына ұйқы безі деген мазамды алып болды, тағы салмақ тастадым» деп еді. Және: ­«Ауырып жүргенімді ешкімге айтпаңдар, мүсіркегеннен басқа не көмегі болады дейсің» деді. Сол сыр бермеген күйі соңғы сапарға аттаныпты. Бақұл болыңыз, Аға! Алла алдыңыздан жарылқасын!

Серік Әбікенұлы
 

981 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы