• Әдебиет
  • 25 Ақпан, 2021

QYR BALASY-НЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ

Qyr balasy қоғамдық қорының ұйымдас­ты­руымен, қор жанындағы Әлихан Бөкейхан атындағы «Алаш» ҒЗИ-ның ғы­лыми қызметкері, жас зерттеуші Данияр Ихсан құрастырған «Ғазымбек Бірімжан. Шығармалар жинағы» тұңғыш рет басылып, ойлы оқырман назарына ұсынылып отыр. 

Бұл – атаусыз қалған Ғазымбектей ұлтшыл жастың тұлғасын танытудағы игі іс. Бұл – «өшкенім – жанып, өлгенім – тірілді» дейтін-ақ зор қуаныш. Бұл – Алаш ардақтысының аруағына көрсетілген имани құрмет. Бұл – жас ғалымның Алашқа деген тазалығы мен сүйіспеншілігінің белгісі. Бұл ретте «Алаш» партиясының бағдарламалық жобасын жазған авторлардың бірі 
– Ғазымбек Бірімжанның ал­ғашқы кітабының жарыққа шы­ғуына септігін тигізген Қос­танай об­лысының Мәдениет басқар­ма­сы­ның басшылығы екенін айтуды жөн көрдік. Игі іске қол ұшын бергендер Ерлан Болатұлы мен Дамир Елтайұлы сынды азаматтар.
«Алаш кітапханасы» сериясы – тек Алаш тұлғалары мен Алаш қозғалысы туралы жазылған еңбектер топтамасы. 
Аталмыш сериямен болашақта да Алаш айбынын ұлықтайтын құнды еңбектер жарыққа шығуын күтеміз.

И.СӘТІМ

1480 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы