• Мәдениет
  • 25 Ақпан, 2021

Айтары мол апталық

Жамбыл мұрасын насихаттау, оның жырларын ұрпақ санасына сіңіру мақсатында ­Алматы қалалық Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. 

Іс-шара «Жамбыл Жабаев» апталығының тұсаукесер рәсімінен басталды. Кітапхана меңгерушісі Ғазиза Құдайберген қонақтарды ақынның 175 жылдығымен құттықтап, мерекелік кешті ашып берді. Кеште жамбылтанушы Нағашыбек Қапалбекұлы, күйші, композитор Шәміл Әбілтаев, ақынның немересі ­Салтанат Жамбылова, домбырашы Бұлан Жамбыл, ­«Жамбыл» орталығының ғылыми қызметкері Ардақ Кәкімова, Сүйінбай мұражайының ­директоры Мұрат Мұқанұлы және  басқалар сөз сөйледі. Жамбыл Жабаев атындағы №161 мектеп-гимназияның оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.

Басқосуға қатысқандар Жамбыл тойын жоғары деңгейде атап өту керегін айтты. Ақын шығармаларының жас ұрпаққа берер тағылымы мол. 

Ерғали Теміржан

 

1607 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы