• Тіл
  • 01 Сәуір, 2021

Латыннегізді жаңа әліпбидегі әріптердің атауы

Кез келген тілдің әліпбиінде әріптердің қалыптасқан атауы болады. Әріптердің атауы сол тілдің дыбыстық ерекшелігін танытады. Осы арқылы бала әріптерді дыбыстап жадына сақтайды, көкейіне түйеді. Олай болса балаға әріптерді үйретуде оның дыбысталуына ерекше назар аударту керек. Қазақ тіліндегі әріптердің атауы ғалым Н.Уәлидің зерттеу еңбегінде кеңінен қарастырылған. Осымен байланысты әріптердің атын беруде ғалымның зерттеу еңбегіне сүйендік.

Дауыстыларды таңбалайтын әріптердің аты: А [а], Ä [ä], E [е], О [о],  Ö[ö], Ū[ū], Ü[ü], Y[у], I[ı]. Бұлар ашық буындағы дауыстылардың дыбысталуына сәйкес келеді. Мысалы, [а]-tа, [ä]-jе, [е]-lıк, [о]-tаn, [ö]-mır, [y]-rys, [ı]-nı, [ū]-ran, [ü]-gııt.

Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар жалаң дыбысталмайды, сондықтан  оларға қысаң [ы], [і] дыбыстары қосылып айтылады.  B [by], D [dy], F [fy], Ğ [ğy], H [hy], J [jy], M [my], N [ny], P [py], Q [qy], S [sy], Ş [şy], T [ty], V [vy], Z [zy] әріптеріне қысаң езулік жуан [y] дыбысы қосылып айтылады. Ал дауыссызды таңбалайтын G [gı], K [kı] әріптеріне қысаң езулік жіңішке [ı] дыбысы қосылып айтылады. Сондай-ақ қысаң дауысты дыбыстар үнділерді білдіретін әріптердің алдынан қосылып дыбысталады: L [yl], R [yr], Ŋ [yŋ], U [ūu], İ [ıi]. Латыннегізді жаңа әліпбиде әріптердің атауы толық сақталған.

 

Жанар Жұмабаева

 

713 рет

көрсетілді

5

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Дәует

01 Сәуір, 2021

1.a—а 2.ä —ә 3.b—б 4.s—с 5.d—д 6.e—е 7.f—ф 8.g—г 9.q—ғ 10.y—ы11.ı—і 12.j—ж 13.c—k 14.k—қ 15.l—л 16.m—м 17.n—н 18.o—о 19.ö—ө 20.p —п 21.r —р 22. t—т 23.u—у 24.v—ү 25.w —ұ 26. h —н/х 27. i—й 28.z —з 29.ş —ш 30.ŋ —ң . ( 1.c —k 2. q—ғ 3.v—ү 4.w —ұ ).

Nūsqa

04 Сәуір, 2021

Aa - а Ää - ә Bb - б Cc - ж Dd - д Ee - е Ff - ф Gg - г Ğğ - ғ Hh - х Iı - и İi - і Jj - й Kk - к Ll - л Mm - м Nn - н Ńń - ң Oo - о Öö - ө Pp - п Qq - қ Rr - р Ss - с Şş - ш Tt - т Uu - у Ūū - ұ Üü - ү Vv - в Ww - ý Yy - ы Zz - з

Nūsqa

04 Сәуір, 2021

Kez kelgen tildiń älipbıinde äripterdiń qalyptasqan atawy bolady. Äripterdiń atawy sol tildiń dybystyq erekşeligin tanytady. Osy arqyly bala äripterdi dybystap cadyna saqtajdy, kökejine tüjedi. Olaj bolsa balağa äripterdi üjretude onyń dybystaluyna erekşe nazar awdartu kerek. Qazaq tilindegi äripterdiń atawy ğalym N.Wälıdiń zerttew eńbeginde keńinen qarastyrylğan. Osymen bajlanysty äripterdiń atyn berude ğalymnyń zerttew eńbegine süjendik.

QAZAQ

05 Сәуір, 2021

Тілімізде орын алатын 28 дыбысты төмендегідей таңбалап: 1.Aa - а 2.A(e) a(e) - ә 3.Bb - б 4.Dd - д 5.Ee - е 6.Gg - г 7.G(h) g(h) - ғ 8.Ii - и 9.Ww - ы 10.W(e) w(e) - і 11.Jj - ж 12.Kk - к 13.Ll - л 14.Mm - м 15.Nn - н 16.Nh nh - ң 17.Oo - о 18.O(e) o(e) - ө 19.Pp - п 20.Qq - қ 21.Rr - р 22.Ss - с 23.Sh sh - ш 24.Tt - т 25.Uu - у 26.Yy - ұ 27.Y(e) y(e)- ү 28. Zz - з және тіліміздің табиғатындағы үндестік заңын пайдаланып, "сөздің ілкі буынында костаңбалы немесе жіңішке дыбысты әріп болса, кейінгі буындарында біртаңбалы әріп қолданылсын" деген ереже қалыптастыруға болады. Мысал, сәбіз - saebцz, oрыс - orws, өріс - oerws, ірмішік - wermwshwk, куәлік - kualwk. Жазу музыкалық таңба емес, сондықтан Уу және Ии дыбыстарына бір-бір таңба арнаса жетеді. Тілі мүкіс адаммен логопед айналыссын, ал теріс оқығысы келгендер дыбысты қанша созып жазса да - қате оқиды.

QAZAQ

05 Сәуір, 2021

Түзету: Мысал, сәбіз - saebwz.

ANA TILI №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қали Сәрсенбай

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы