• Қоғам
  • 07 Сәуір, 2021

Ashyq жобасының ауқымы кеңіді

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин тағы үш қалада Ashyq жобасының енгізілетінін айтты. «ASHYQ жобасын пайдалану картасын Павлодар, Тараз және Ақтөбе өңіріне енгізбекпіз. Осылайша фитнес-клубтар, бассейн, боулинг, спа-орталықтар мен компьютер клубтарынан бөлек, жобаға қоғамдық тамақтану мен кинотеатрларды қосу жағы әзірленуде.

Міндет – қазіргі қиын жағдайға қарамастан бизнес өкілдеріне жұмысын жалғастыруға мүмкіндік беру. Өздеріңіз білесіздер, жақында Францияда ұлттық локдаун жарияланды, барлық қажетті дүкендер жабылды. Германияда да қатаң шектеулер бар. Біз мұндай шектеулерге жол бермеу мақсатында қажетті шараларды қабылдаймыз. Бұған дейін айтқанымдай егер денсаулық жағын ойластыра отырып, елдегі бизнестің дамуына мүмкіндік беретін идеяларыңыз болса тыңдауға әзірміз. Мен өз тарапымнан Ashyq жобасын мемлекеттің қаржыландыруынсыз қолдап, бастама көтерген ­Виталий Пустовойтенкомен оның ұжымына алғыс айтқым келеді. Міне, азаматтық бастаманың жарқын мысалы!» дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Министрдің сөзіне сенсек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Атамекен ҰКП бұл жобаны жүзеге асыруда үлкен көмек көрсетіп отыр.

 «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі, ҰКП, авиация комитеті, әуежайлар, Қазақтелеком және «Эйр Астана» компаниясындағы әріптестермен кездесу өтті. Біздің алдымызда Covid-19 індетімен күресу үшін цифрлық шешімдерді тезірек енгізу міндеті тұр. «Ashyq» қосымшасына қатысты айтарым, жоба өз нәтижесін беріп келеді. «Атамекен» ҰКП әріптестеріміз күн сайын фитнес-клубтарға келушілер арасында бұрын-соңды Сovid-пен ауырған адамдар бар екенін хабарлады» деп жазды Бағдат Мусин Facebook парақшасында.

А.Ұлтанбекова

 

984 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы