• Білім және ғылым
  • 22 Сәуір, 2021

«Адалдық – адамгершілік борышым!»

М.Х.Дулати атындағы ­Тараз өңірлік университетінде ­онлайн форматта «Адалдық – адамгершілік борышым!» атты республикалық вебинар өтті.   

Вебинарды профессор С.Көшім­бетова Абай өлеңімен ашты. Жиынға кафедра оқытушылары және Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің белгілі ­профессоры, психология ғылымының ­докторы Оспан Сейдуалыұлы, Қорқыт ата университетінің ­профессоры Рабиға Тасбергенқызы, «Білім берудегі ­менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымының докторы Клара Жайдарбекқызы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы» оқу-әдістемелік каби­нетінің бөлім басшысы Гүлзат Еле­месқызы, «Абай атындағы орталық­тан­дырылған көпшілік кітапхана жүйесінің» директоры – Ұлбосын Тәліпбекқызы және басқа да тәжірибелі ұстаздар қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Сұхбат барысында облыстық ардагердер үйінің ұйымдастыру бөлімінің басшысы С.Ашанов өз ой-пікірін білдірді: «Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық» дегендей, адал болу – адамдықтың белгісі. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ұлы Абайдың: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол» деуі де адалдыққа толық сипаттама береді» деді ол. «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы» оқу-әдістемелік ­ка­бинетінің бөлім басшысы Гүлзат Келдібаева: «Шәкәрім қажы адалдық турасында: «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен адалдық ар үшін жи» деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне қатысына да ерекше көңіл бөледі» деген ойын айтты. Үміт Битенқызы адалдық жайында өз өлеңін жастарға оқып берді.
Шараға қатысушылар өзара пікір алмасып, ой түйді.

Сейсекүл Айтжанқызы,
 М.Х.Дулати атындағы 
Тараз өңірлік университеті 
«Білім берудегі менеджмент» кафедрасының профессоры 

2233 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы